202
Сахабалар салған сара жол
барып отырды. Оның мына қылығын ерсі санаған
Ирандықтар
ашуланып, айқайлай бастады. Сонда
Муғира:
Бұл жерге отыру менің қадірімді арттырмайды,
қожайындарыңның беделіне де нұқсан келтірмейді, –
дейді. Рүстем:
Дұрыс айтасың. Ал, не үшін келдіңдер? – деп
сұрайды.
Біз жамандық пен надандық белең алған ортада
өмір сүріп жатқан ел едік. Аллаһ тағала пайғамбар жі-
беріп, сол арқылы бізге тура жолды нәсіп етті. Соның
арқасында бізге ризық берді.
Осы өңірде өсіп-өнетін
бидайдың дәмінен бала-шағамызға таттырғанымызда,
«Біз осының дәмін алып қалдық. Бұнсыз тұра алмай-
мыз. Бізді сол жерге апарыңдар, бидайдың нанын
жейік», – деді.
–
Олай болса, сендерді өлтіреміз.
– Бізді өлтірсеңдер жұмаққа барамыз, біз сендерді
өлтірсек, тозаққа түсесіңдер, ал қалғандары жизия
төлейді. «Жизия төлейсіңдер» деген сөзді естігенде,
парсылар шошып, «Сендермен келісім жасаспаймыз»,
– дейді қарсылықтарын білдіріп. Сонда Муғира: «Олай
болса, соғысу үшін сендер біздің жерге өтесіңдер ме, біз
сендердің жерлеріңе өтейік пе?» – деп сұрайды. Олар:
«Біз сендер жаққа өтеміз», – дегенде, Ислам әскері кері
шегініп, парсыларға тұтқиылдан соққы жасап, жауды
жеңеді
176
.
Мұғауия ибн Құрра (р.а.) былай дейді: «Қадисия
соғысы болған күні Мұғира ибн Шұғба (р.а.) ирандық
билеушілерге аттанады. Муғира қасына он адамды ер-
тіп, парсы қолбасшысына барады.
Киімін қымтанып,
176
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/38
203
Аллаһ пен расулына шақыру
тері қалқанын қолына ұстап алған болатын. Жол-
дастарына: «Жерге бір қалқан қойыңдар», – деді де,
сол қалқанның үстіне барып отырды. Парсылардан
сұңғақ бойлы біреу: «Ей, арабтар! Сендердің біздің
елге не үшін келгендеріңді білеміз. Өз елдеріңде
ашыққандықтан келіп отырсыңдар.
Біз сендерге
қажетті азықты берейік, сол тойғандарыңмен кері
қайтыңдар. Біз мәжусилер тобымыз, сендердің
қандарыңды ағызып,
жерімізді былғағымыз келмей-
ді», – дейді. Сонда Муғира: «Уаллаһи, біз мұндай ой-
мен келген жоқпыз. Біз тастар мен пұттарға табына-
тын ел болатынбыз. Табынған тасымыздан да жұмыр
әрі өзгеше тасты көрсек, киелі санаған тас-пұтымызды
көңілімізден шыққан басқасымен айырбастай салатын-
быз. Ақырында, Аллаһ бізге пайғамбар жіберді. Ол біз-
ді Исламға шақырды. Мұнда азық іздеп келіп отырған
жоқпыз. Исламға кірмесеңдер, қорқытқаным емес ес-
керткенім, қолыңды талқандаймыз. Ұрпағыңды тұтқын
етеміз. Азық мәселесіне келетін болсақ, жасыратын несі
бар, бізде азық-түлік тапшы,
тіпті көпке дейін қанып
су ішпеген кезіміз де болды. Ал, мына өңірде азық та,
су да мол екен. Уаллаһи, біз бұл нығметтерді тастамай-
мыз, бұларды біз иеленеміз, не сендер иеленесіңдер»,
– дейді. Рүстем парсы тілінде «Дұрыс айтады», – дейді
де, Муғираға: «Ертең көзіңнен айырыласың», – дейді.
Бірақ ертеңіне оқ тиіп, өзінің көзі ағып түседі»
177
.
«әл-Бидаяда» тарихшы Сәйфтің былай дегені
жазылған: «Сағыд ибн Әбу Уаққас (р.а.) бір топ адамды
соғыспай тұрып Кисраға жібереді. Кисраны Исламға
шақыруы керек болатын. Кисрамен кездесуге рұқсат
алды. Мұсылмандардың киім киісін көру үшін, сол
177
Хаким, Мүстәдрәк 3/510 (5901)