ІІІ. Жаңа тақырып.
1. 1937-1938 жаппай жазалау шаралары.
2. Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлері
Сабақты бастамас бұрын жаңа сабақты өту барысында кездесетін термин сөздерге тоқталу.
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.
Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сталиндік қуғын-сүргін кезеңдері:
1 кезең 1929-1933 жж
2 кезең 1937-1938 жж
3 кезең 1947-1953 жж
Қазақстандағы репрессия Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.
Қарағандыдағы екінші репрессия
1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Сонымен қатар, Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов, Тілші ғалым, профессор – Құдайберген Жұбанов, Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.
Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді . Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды. Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы Мансұр Ғатаулин ұсталды. Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Куанышев , Емберген Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж. Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді. Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов, Ж.Сұлтанбеков, X.Әміров, О.Беков, X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин, С.Талжанов,Р.Әлсенов, А. Асылбековтың әкесі-Мүсәпір, С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла, Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады. Сол жылдары Федоровда , Куперман, Мрачковский, Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды, көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов, Хенкин, Скрипкин, Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті. Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Қарағандыда және бірқатар аудандарда «халық жаулары» үстінен ашық сот процестері жүргізілді. Қамауға алынғандардың саны Қазақстанда 1937 жылы 105 мың адамға жетті, оның 22 мыңы атылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың әйелі мен балалары да жапа шекті.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (ерекше режиді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (Далалық лагерь). Олардың ішіндегі ең ірісі «ЧСИР» — халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазаланғандар орналастырылды. Қазақстан аумағында бұл лагерлерден басқа Дальний, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавл, Өскемен, Луговой, арнайы Кеңгір тағы басқа лагерьлер орналасты.
Жеке адамға табынған тоталитарлық жүйе кесірінен 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін «31 мамыр — Ұлттық аза күні» болып белгіленді. Жыл сайын 31 мамыр жазықсыз жазаланғандарды еске алу күні деп атап өтуде.
Қазақстанда лагерьлер жүйесі
Степлаг – «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. (СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді. 1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды.)
Қарлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзету лагері.(Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған, лагердің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шакырым жердегі Долинка селосында орналасқан. «Қарлагқа» 120 000 га – жыртуға, 41 000 га пішендік жер бөлінген. Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатқан)
ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған
лагерь.
Алжир – Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.
ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы.
БМСБ (ОГПУ) – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма
1.Қуғын сүргін құрбандары (видеоролик көрсетіледі) 2.Азим Аяжанның «Репрессия құрбандары»атты өлең жолдары (видеоролик) 3.Кітап көрмесі
Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді
Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.
Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында КСРО Халық Комиссарлары Комитеті «Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерьін құру туралы» қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады. Видеоролик арқылы түсіндіру.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қортындылай келе Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубатқа мәңгі лағынет айтамыз!
IV.Сабақты бекіту:
1.Үлестірмелі қағаздарда жазылған сөздерге сипаттама беріп, картадан көрсету (Ассимиляция, Алжир, Карлаг, Степлаг,ЧСИР, Жеке басқа табыну, Репрессия)
2.«Бұл кім?» саяси портреттермен жұмыс (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев,Смағұл Садуақасов, М.Шоқай, О.Жандосов, С.Асфендияров)
3. Тест алу 1. Жаппай ланкестік қай жылдары сипат алды? А) 1941-1945ж.ж.
В) 1934-1934ж.ж.
С)1927-1931ж.ж.
Д)1931-1933ж.ж.
Е)1918-1920ж.ж.
2. 101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде
атылғандар?
А) 27 мыңнан астам
В) 37 мыңнан астам
С) 47 мыңнан астам
Д) 57 мыңнан астам
Е) 67 мыңнан сатам
3. КСРО конституциясы қашан қабылданды?
А)1941ж.
В) 1937ж.
С) 1936ж.
Д) 1938ж.
Е) 1922ж.
4. Ланкестердің құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін
салушы?
А) Қ.И.Сәтбаев
В) Ғ.Мүсірепов
С) С.Сәдуақасов
Д) А.Байтұрсынов
Е) С.Асфендияров
5. Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған
лагерьде(АЛЖИР) төмендегі қай мемлекет қайраткерінің әйелі мен
қызы азап шекті?
А) Т.Рысқұлов
В) Ғ.Мүсірепов
С) С.Сәдуақасов
Д) А.Байтұрсынов
Е) С.Асфендияров
6. Ұлттық аза күні?
А) 35 мамыр
В)25 мамыр
С)21 мамыр
Д) 31 мамыр
Е)30 мамыр
4.Кесте толтыру
Білгем
|
Білдім
|
Мен үшін жаңалық
|
Сұрақтарым бар
|
|
|
|
|
V.Бағалау
VІ. Үйге тапсырма: Саяси – қуғын сүргін құрбандарына байланысты эссе жазу.
Народный банктен төлеу ынғайлы
Достарыңызбен бөлісу: |