Көміртекті болатты шыңдау және жіберу жұмыстарын жүргізу
Азоттандырубеткі қабаты азотпен қанықтыратын химикотермиялық өңдеу. Ең бірінші рет азоттандыруды Чижевский И.Л.өндірісте 20 жылдары қолданды. Азоттандыру кезінде тек қана қаттылық пен тозуға төзімділік жоғарламайды,сонымен қатар коррозияға төзімділігі өседі. Азоттандыру кезінде бұйымды белгілі бір жылдамдықпен аммиак NH3 келетін герметиялық пешке салады.Қыздыру кезінде аммиак мына реакция бойыша диссоциаланады: 2NH3=2N+3H2. Атомдық азот бұйым беті сіңіріп және түбіне диффундіріледі. Көміртекті болаттардың азоттандырылган қабатта алынған фазалар жоғары қаттылықты қамтамасыз етпейді және морт сынғыш қабат түзеді. Азоттандыру үшін құрамды алюминий,молибден,хром,титан бар болаттар құрылады. Бұл элеметтердің нитридтері дисперсті және жоғары қаттылық пен термиялық тұрақтылыққа ие болады. Типтік азоттандырылған болаттар:38 ХМЮА, 35ХМЮА,30 ХТ2Н3Ю.
Азоттандырылған қабаттың тереңдігі мен беткі қаттылығы кейбір факторларға байланысты оның ішінде негізгілері: азоттандыру температурасы,азоттандыру ұзақтығы және азоттандырылатын болаттың құрамы.
Детальдардың жұмыс істеу шартына байланысты азоттандыру келесілерге бөлінеді: 1.Бетінің қаттылығын және тозуға төзімділігін жоғарлату 2.Коррозияға қарсылығын жақсарту (антикоррозиялық азоттандыру)
Бірінші жағдайда үрдіс 500...560°С температурада 24...90 сағат бойы жүргізіледі,себебі азоттандыру жылдамдығы 0,01мм/сағ құрайды.Беткі қабаттағы азоттың құрамы 10...12% құрайды,ал қабат қалыңдығы(Һ)-0,3...0,6мм.Бетініңқаттылығы шамамен 1000 HV.Салқындау пешпен бірге аммиак ағынында жүргізіледі.
Иондық азоттандыру кезінде азоттандырудың уақыты барынша қысқарады.Катод(детальмен) және анод иондарының арасында бықсу разряды пайда болады.Азотқұрамдас газдар иондалады,және иондар катодтың бетін бомбылайды,оны қанығу температурасына дейін қыздырады.Катодтық шаңдану 1100...1400 В қысыммен 5...60мин бойы орындалады және қысымы 0,1...0,2 мм рт.ст, ал жұмыстық қысым 400...1100 В,үрдістің ұзақтылығы 24 сағатқа дейін.
Антикоррозиялық азоттандыру легирленген және көміртекті болаттарда жүргізіледі. Азоттандыру температурасы 650...700°С,үрдіс ұзақтығы -10сағат.Бетінде коррозияға қарсы жоғары төзімділікке ие ε- фаза қалыңдығы 0,01...0,03 мм қабат пайда болады(ε-фаза-гексагональді торға ие, темір нитридінің Fe3N негізіндегі қатты ерітінді).
Азоттандыру ақырғы механикалық және термиялық өңдеуден өткен дайын бұйымда жүргізіледі.
Азоттандырудан кейін бұйым өзегінде жоғары беріктікке және тұтқырлыққа ие сорбит құрылымын сақтайды.
№6 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |