Алматы қаласы Бостандық ауданы №93 жалпы білім беретін мектептің



Дата28.08.2022
өлшемі12,97 Kb.
#148289
түріСабақ
Байланысты:
Оқушыға мінездеме
10-Қазақ әдебиеті-КТЖ-ЖМБ

Алматы қаласы Бостандық ауданы
№93 жалпы білім беретін мектептің
10 «Ә» сынып оқушысы
Отынбай Искадер Нұрланұлына
МІНЕЗДЕМЕ

Отынбай Искадер Нұрланұлы 2006 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге келген. 2021-2022 оқу жылында мектепті жалпы орта білім курсы бойынша бітіріп шықты.


Отынбай Искадер Нұрланұлы толық отбасында тәрбиеленген. Әлеуметтік жағдайы жақсы.
Мектепте білім алған жылдары өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Білімі жақсы. Сабақтардан себепсіз қалмайды, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге, әсіресе, алгебра, геометрия, физика пәндеріне деген қызығушылығы жоғары. Өзіне тапсырылған істерді үлкен жауапкершілікпен атқарады, ұқыпты әрі тиянақты оқушы.
Искадер мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік мазмұндағы іс-шараларға белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, сынып сағаттарында өзіндік ой-пікірін ашық айтып, азаматтық көзқарасын айқын білдіретін. Спортқа деген ынта-ықыласы ерекше, спорттық үйірмелерге тұрақты түрде қатысады.
Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл. Сыныптастарымен, көпшілікпен тез тіл табыса біледі. Ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы өзара сыйластыққа негізделген, оларға құрметпен қарайды. Қамқор, өзгелерге көмек қолын созуға әрдайым дайын тұрады.
Искадер мектептің ішкі тәртіп ережелерін үнемі сақтайды. Жеке өзіндік ұстанымдары мен қағидалары қалыптасып келеді. Өз ойын ашық әрі анық жеткізеді. Өзіндік көзқарасын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін еңбектене біледі.
Біз, ұстаздары, оның болашақта жақсы маман, еліміздің үлгілі азаматы болатынына сенім білдіреміз.


Мектеп директоры: Р.Т.Тұрмахан


Сынып жетекшісі: Б.Ү.Өтеген

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет