Алматы экономика және статистика академиясы


Экономикалық өсудің типтері



бет8/9
Дата12.03.2018
өлшемі2,04 Mb.
#38451
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Экономикалық өсудің типтері


Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:

Ұсыныс


Сұраныс

Бөлу


ұсыныс факторлары болып табылатындар:

  • Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы

  • Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы

  • Негізгі капиталдың көлемі

  • Технолгия

Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады:

экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Солоудың экономикалық өсу моделі ауқымнан тұрақты қайтарым шеңберінде еңбек пен капиталдың өзара алмасу мүмкіндігін ескереді және экзогендік болжанған техникалық прогресті енгізеді.

Р.Солоудың моделін қарастыру Кобба–Дугластың өндірістік функциясына негізделген. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс тең болу үшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігі қажет.



Ұсыныс өндірістік функция ауқымынан тұрақты қайтарыммен сипатталады: Y = F(K, L), мұнда кез келген оң z үшін келесі формула дұрыс: zF(K, L) = F(zK, zL). Сонда, егер z = 1/L, онда . -ны y арқылы, ал -ны k арқылы белгілейміз және бастапқы функцияны өнімділік пен қормен жарақтандырылу (капиталмен жарақтандырылу) арасындағы өзара байланыс формасында қайта жазамыз: y = f(k)

Солоу моделіндегі жиынтық сұраныс инвестициялармен және тұтынумен анықталады: y = i + c, мұнда i және с –бір жұмыс істеушіге шағылған инвестициялар мен тұтыну.

Экономикадағы сұраныс пен ұсыныс теңдігіне i = sf(k) қойылатын талапқа сәйкес инвестициялар шығарылым мөлшеріне және жинақтау нормасына тәуелді. Жинақтау нормасы k кез келген мағынасында өнімді инвестициялар мен тұтынуға бөлгенде анықталады. Сөйтіп, Солоу моделі жинақ ақша нормасы капиталмен жарақтандырылудың тұрақты деңгейін және тиісінше шығарылым деңгейін анықтайтын аса маңызды фактор болып табылатынын көрсетеді. Кіріс деңгейі төмен және капиталмен нашар жарақтандырылған елдер жинақ ақша мен инвестициялардың жоғары деңгейі есебінен капиталмен жарақтандырылудың тұрақты деңгейіне жақындау барысында өздерінің жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.

Ең алдымен салықтардың қанағаттанғысыз жиналуы және сыртқы борышқа қызмет көрсетуге қомақты шығыс жұмсау мемлекеттік тұтынуды әжептәуір кеңейтуді де өзекті мәселеге айналдырып отыр.

Қарастыралатын Солоудың өсу моделіне сәйкес тепе-теңдік жағдайында инвестициялар жинақ ақшаға тең болады (жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең) деп болжанады, сондықтан s жинақ ақша нормасы және тиісінше жинақтау нормасы да көтерілген жағдайда экономика k* капиталмен жарақтандырылудың тұрақты деңгейіне қозғалу траекториясында бұдан да жылдам қарқынмен өсуі мүмкін. серпінді дамып келе жатқан қаржы институтына жатпайтын активтерге жұмсалған инвестициялардың мөлшеріне жағымды әсер етті.

Экономиканың тұрақты жай-күйін жинақ ақша нормаларымен ұштасуы мүмкін болғандықтан, s оңтайлы мағынасын таңдау проблемасы туындайды. Тұтынудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ететін капиталмекн жарақтандырылудың тұрақты мөлшері k Алтын ереже бойынша капиталмен жарақтандырылу деп аталады және k**, ал оған сәйкес тұтыну деңгейі c** деп белгіленеді



немесе MPK = d.

Осы шарт Алтын ереже деп аталады. k** нүктеде (9.4-сурет) өндірістік функция графигіне жанама dk* тік сызыққа параллель орналасады. Егер k* < k** болса, онда шығарылым мөлшері істен шығу мөлшерімен салыстырғанда көп шамада өзгереді, (f(k*) сызығы dk* қарағанда тік), демек олардың арасындағы тұтынуға тең айырма өседі. kk** болса, онда істен шығудың аз өседі, яғни тұтыну түседі. Тұтыну k** нүктесіне ғана дейін өсуі мүмкін, бұл жерде ол барынша жоғары шамаға жетеді.

Сөйтіп, Солоу моделінде жақын келешектегі көп тұтынуға басымдық берілетіні ескерілмейді, онда тек ұзақ кезеңдегі тұрақты жай-күй ғана қарастырылады.

Технологиялық процестің еңбек үнемдейтін формасы қарастырылады, сондықтан өндірістік функцияны төмендегідей біршама өзгерту қажет:



Y = F (K, LE),

Технологиялық процеске қатысты жорамалдың ең қарапайымы жөнінде сөз қозғайтын болсақ, аталмыш процесс тұрақты қарқыны g –ні құрайтын E еңбек тиімділігінің өсуіне себеп болады (еңбек үнемдейтін технологиялық процестің қызметкерлер санының өсуімен ұқсас салдары болады). Егер L жұмыс күші n қарқынмен өсетін және басқа ауыспалылар тиімді еңбек өлшеміне шағылып алынады, яғни k = K / LE, y = Y / LE и y = f (k).

Кейінгі ой-пікірлер халық санының өсу жағдайына түйінделген ой-пікірге ұқсас екенін айтып өту қажет. Экономиканың капиталмен тұрақты жарақтандырылып орнықты жай-күйі былайша сипатталады:

sf(k) = (d + n + g)k.

MPK = d + n + g.

Экономикалық агенттердің мемлекеттің іс-әрекетіне артатын сенімінің белгіленген дәрежесі, сонымен бірге олардың өздері тіршілік және, керісінше, мемлекетке, оның ішінде оның экономикалық саясатына сенімсіздіктің артуы мемлекеттің іс-әрекетіне, атап айтқанда, мекемелік ортаның, экономикалық саясаттың өзгеруіне қатысты болжалының екіұштылығының күшеюін білдіреді, бұл жағдай оқиғалардың қалыпты ырғағын бұзылады, ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды қалыптастыруға қолбайлау болады және түбінде елдің экономикалық өсу мен даму көрсеткіштеріне нұқсан келтіреді.

Мемлекетке деген сенімсіздік әдетте мемлекет пен экономиканың қатынастарында тұрақсыздық күшейген кезеңдерде артады, сол кезде олардың өзара іс-әрекет жасау сипаты да ауысады, яғни экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу дәрежесі өзгереді.

Экономикалық агенттердің инвестициялық ахуалдың келешегі мен экономикалық өсу мүмкіндіктері қатысындағы жасайтын болжамдары осыған негізделіп қалыптастырылады.



Дәріс 11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет