Алматы экономика жєне статистика академиясы


Аудиторлық қорытынды құрылымы



бет37/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
Байланысты:
Аудит

2. Аудиторлық қорытынды құрылымы
"Аудиторлық қызмет туралы" заңында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 "Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп", 710 "Салыстырмалы көрсеткіштер", 800 "Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп" деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  • ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;

  • ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;

  • аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;

  • теріс аудиторлық қорытывды.

Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орыңдалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:
• қаржылық қорытынды есепте ашыльш көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

  • қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;

  • қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;

• жалпы қаржылық қорытыңды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиттің қорытындыы жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы (пікірі) кіруге тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет