Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет38/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Байланысты:
Аудит

Қорытынды жасау бөлімі. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дұрыс дайындалғандығы") жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудиторлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын "дұрыс және дәл көрініс" немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген" терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.
Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге "дұрыстық" түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды "дұрыстық" түсінігі пайдаланылатын контекст (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды "Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес" деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайынадап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.
Дұрыс және дәл көрініс (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілгендігі") жөніндегі қорытындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және зандармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қорытындыны кіргізу талап етілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет