Алматы экономика жєне статистика академиясы


Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау



бет35/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
Аудит

4. Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау
Бағалау мен тексеруге аудиторлардың жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже-нұсқаулар мен процедуралар, нақты орындалған жұмыстардың осы ереже-нұсқаулар мен процедураларға сәйкестігі жатқызылды. Тексеру бағдарламасы және тексерілетін құжаттардың шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарланған жоқ. Бағалау нәтижесі Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған хатта хабарланды. Бұл хатта алғашқы бағалаудан тек екі қазақстандық компаниялардың: Тәуелсіз аудиторлық компания "Центраудит-Қазақстан" және "Ержанова и К"-өткендігі хабарланған.
Тексеру жүргізу әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін аудитордың өзі таңдауға құқықты екендігін атап айту керек. Клиент аудиторларға жұмыстардың арнайы бір түрлерін орындауды, мысалы, корпоративтік табыс салығын есептеудің дұрыстығын тексеруді немесе тауарлы-материалдық босалқылар есебіне аудит жүргізуді тапсыруы мүмкін. Бірақ, клиентгің осындай арнайы тапсырмалардьщ нәтижелері бойынша жалпы қаржылық қорытынды есеп жөнінде толық аудиторлық қорытынды есеп күтуі дүрыс емес.
Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы төмендегілерден тұруы мүмкін:

  • директорлар кеңесі;

  • директор;

  • аудит объектілері бойынша департаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнет ақы қорларының және басқа қаржылық институттардың);

  • кеңес беру департаменті (салық салу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);

  • маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.

Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:

  • фирманың директоры;

  • фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);

  • кеңес беру (консултациялық) бөлімі;

  • мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т.б. бөлімдер.




7-Тақырып. Аудиторлық қорытынды: жасау, тапсыру тәртібі
1. Аудиторлық қорытынды және оны құру тәртібі
2. Аудиторлық қорытынды құрылымы
3. Аудиторлық қорытынды түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет