Алматы экономика жєне статистика академиясы


Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаты



бет44/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Байланысты:
Аудит

2. Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаты
Жоғарыда айтылғандай, қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.
3 "Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында "аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек" деп көрсетілген. Аудиттағы дәлелдеулер жинау - мақсатты түрде жүргізілетін процесс.
Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:

  • маңыздылық;

  • аудиторлық тәуекелдік;

  • қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.

Алдыңғы тауарларда осы тұжырымдамалардың жалпы түсінігі, олардың мәні, олардың аудитті жоспарлау кезінде қолданылуы берілді. Енді қаржылық есеп беру аудиті орындалу тұрғысынан қарастырылады.
Каржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.
Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Концептуадды негіз ақша қозғалысы туралы есеп беру мен меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.
Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылық есеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылық есеп беру белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:

  • болуы (әрекет ету);

  • құкықтар мен міндеттемелер;

  • құбылыс;

  • толықтық;

  • бағалау;

  • өлшеу (дәлдік);

  • ұсыну және алу.

Осы категориялардың сипаттамасы мен мәнін ашу 3 "Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында берілген. Бұл жерде кәсіпорын әкімшілігінің дәлелдері бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне тікелей байланысты екенін атап өткіміз келеді. Бұл тұжырымдар әкімішлік шаруашылық операцияларды тіркеу және қаржылық есеп беруді ұсыну үшін пайдаланатын категориялардьщ бөлігі.
Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міңдеті - басшылықтың каржылық есеп беру жөніңдегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.
Аудит мақсатының мәні - аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.
Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды. Ол үшін оған аудитке белгілі бір жолдарды тандау қажет.
Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдігін анықтау үшін пайдалануға болады:

  • сәйкестігін тексеру;

  • ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кездерін);

  • мән бойынша бақылау;

  • талдамалық реттемелер.

Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған.
Сәйкестігін тексеру мақсаты -- елдегі нормативтік-құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің өңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:

  • клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;

  • құжттар мен жазбаларды тексеру;

  • лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.

  • осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.

Ішкі бақылауға тест жүргізу (бақылау кездерін) ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор кателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды. Мұндай бақылау қателіктер мен нормалардан ауытқуы туындауы мүмкін, бірақ анықталмайды деген ықтималдылықты төмендететін нақты бақылау көздерін анықтауды қамтиды. Бұл процедураны бақылау тәуекелдігін бағалау деп атайды.
Мән бойынша тексеру
Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операцияларының қажетті түрде мақұлданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа нөмірленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда ол Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.
Мән бойынша тест жүргізу кезінде баланс үшін де, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру үшін де Бас кітаптың соңғы сальдосына басты назар аударылады. Осы тексерулер көлемі бақылау кездеріне тест жүргізу, мән бойынша операцияларды жүргізу кезінде алынған нәтижелерге байланысты болады.
Мәні бойынша операцияларды тексеру талдамалық реттемелерге қарағанда қиын және қымбат.
Мәні бойынша тестілер әдетте бүкіл жоспарлау процессінің ең күрделі бөлігі болады. Бүл елеулі дәрежедегі кәсіби пікірді қажет ететін субъективті процесс.
Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе баланстың жекелеген баптары мен қаржылық есептеменің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдету және аудиторлық комаңда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет