Алматы экономика жєне статистика академиясы


Сатып алу циклндағы сәйкестікке тексеру жүргізу



бет47/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Байланысты:
Аудит

Сатып алу циклндағы сәйкестікке тексеру жүргізу
Аудитті жүргізу кезінде тест жүргізудің екі типі — сәйкестікті немесе орындалуды тексеру және мән бойынша тексеру қолданылады. Бақылаудың бірінші типі ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Әңгіме нақты мәліметтердің қабылданған экономикалық нормативтерге сәйкестігін, құжаттарды ресімдендірудің қабылданған тәртібінің орындалуын бақылау туралы болып отыр.
Сатып алу циклы аудитін жүргізу кезінде орын алған қателер немесе тәртіп бұзушылықты және олардың қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау үшін кәсіпорында қолданылатын тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу операцияларын есепке алу әдістемесінің Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.
Қаржылық тексерудің алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу және олардың тиімді дайындалғанына және әрекет ететініне көз жеткізу үшін аудитор кәсіпорын бақылау реттемелерін зерттейді. Бұл оған шаруашылықоперациялардың толық, дәл көрінуін, шаруашылық операциялардың жүргізілуінің мақұлданғанын, кәсіпорындағы активтер болуын, сонымен қатар қазіргі бағалауды жүргізуге және оларды пайдалану құқығы болуын анықтауға бағытталған тексерулер масштабын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Сондықтан аудиторға ішкі бақылау реттемесін ұтымды зерттеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу процессін келесідей кезеңдерге бөлуге болады:
• шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау;

Шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау. Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарламалар мәліметтеріне сай, сонымен қатар қойма мен өндірістегі тауар-материалдық босалқы қорларының нақты жағдайынан шыға отырьш, кәсіпорын басшылығы оларды сатып алуға шарт құрайды.
Шарт өнімнің барлық түрлерін жеткізу жөніндегі жақтар құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады.
Егер жақтар тауарларды шарт әрекеті мерзімі ішінде жекелеген партиялармен жеткізуді көздесе және онда жекелеген партияларды жеткізу мерзімі (жеткізу кезеңі) көрсетілмесе, онда тауарлар бірқалыпты партиялармен ай сайын әкеліп отырады. Шартта жеткізу кезеңін анықтаумен қатар тауарларды жеткізу графигі орнатылуы мүмкін (онкүндік, тәуліктік, сағаттық және т.б.).
Шартта сатып алушының жеткізушіге тауарларды алушыларға тиеу туралы (тиеу рұқсатқағазы) нұсқау беру құқығы көрсетілген жағдайда, тауарларды тиеуді (беруді) жеткізуші тиеу рұқсатқағазында көрсетілген сатьш алушыға береді. Тиеу рұқсаткағазының мазмұны және жеткізушінің оны сатып алушыларға бағыттау мерзімі шартта көрсетіледі.
Тамақ өнімдерін сатып алу шартын құру кезінде "Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" заң ережелері орындалуына басты назар аударылуы қажет. 17 "Қазақстан Республикасы аумағына енгізілетін тамақ өнімдері, материаддары мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" бабында мынадай талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасы аумағына енгізілетін тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдарының сапасы мен қауіпсіздігі нормативтік құжаттар талаптарына сай келуі керек.

  2. Қазақстан Республикасы аумағына Қазақстан Республикасы заңында орнатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтпеген және олардың сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдарды енгізуге тыйым салынады.

Жабдықтау (сатып алу) бөлімі жеткізу шарттарының орындалуына түрақты бақылау жүргізеді. Егер шарт жағдайларында тауарлы-материалдық босалқыларды тапсырыс берілуіне қарай жеткізу көзделсе, онда жабдықтау бөлімі кәсіпорынның түрлі бөлімшелері берген тапсырыстар негізінде осы тапсырыстарды жеткізушілерге уақтылы береді. Бұл кезде тапсырыстар жеткізу шарттары орындалуын бақылаушы өкілетті адамдар мақұлдауы қажет.
Тауарлы-материадцық босалқылар жіберілетін қойма қызметкерлері мен цех басшылары тауарларды сапасы, саны және ассортиментіне сәйкес қабылдауды іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет