Алматы экономика жєне статистика академиясы


Өндіріс кезеңі шоттары мен аудиторлық тексеру бағытының қатынасы



бет52/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
Байланысты:
Аудит

1. Өндіріс кезеңі шоттары мен аудиторлық тексеру бағытының қатынасы
Өндірістік цикл сату үшін өндірілетін материалдық құндылықтармен байланысты. Оны тексеру — ең күрделі және қиын. Аудиторлық дәлелдемелердің көздерінің үлкен бөлігі экономикалық субъектінің өзі құрған ішкі құжаттар болып табылады. Бұл аудит үшін олардың құңдылығын төмендетеді. Сондықтан тексеруді табысты жүргізу үшін аудитордың клиент бизнесінің ерекшелігін, оның өндірістік процессінің мәнін жеткілікті түсінуі, цехтардағы өндіріс процесстермен, қоймалар және басқа өндірістік бөлмелермен тікелей танысу аса маңызды болып табылады.
Өндірістік процесстің мәнін білу төменде келтірілген ақпаратты қамтиды. Өнімді дайындаудың технологиялық процессінің күрделігіне байланысты өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым деп, өнімді өндіру мен өңдеудің бірегей үздіксіз процесіне тән болатын өндіріс есептеледі (мысалы, көмір өңдіру және т.б.). Әдетте қарапайым өндірістің циклы қысқа болады және аяқталмаған өндірісі болмайды.
Күрделіге өнімді дайындау процесіне жеке дербес шектер, өтулерден, кезеңдерден, сатылардан тұратын өндіріс жатады. Мысалы, тігін, аяқ киім, машина жасау, ет өндіру және т.б. Әдетте күрделі өндірісте әрқашан аяқталмаған өндірісте қалдық қалады.
Өнеркәсіптік өндіріс негізгі өнімді өндіру роліне байланысты (бағыты бойынша) негізгі және көмекші деп бөлінеді.
Негізгіге шығару үшін арнайы кәсіпорын (ұйым) құрылған өнімді дайындауға арналған өндіріс жатады.
Өнеркәсіптің түрлі салаларындағы негізгі өндіріс номенклатурасы сан түрлі болады. Мысалы, негізгі өндіріске жатады: металл өңдеуші кәсіпорындарда - құю, ұста, мартен, өңдеу және басқа цехтар.
Көмекшіге негізгі өндіріс пен жалпы барлық көсіпорыңдарға қызмет көрсететін өңдіріс жатады. Қызмет көрсету аспаптарды, құрал-жабдықтарды, ғимараттарды және т.б. дайындау немесе жөндеуден көрінеді.
Көмекші өндіріс қатарына жатады: аспаптық, жөндеу-механикалық, жөңдеу-құрылыс цехтары, электростанция, буын қазаны, компрессор станциясы, автокөлік және т.б.
Көмекші өндіріс өнімінің бөлігін (жұмыс, қызмет көрсету) басқа жаққа сатуға болады.
Шоттардың келтірілген өзара байланысы шығыңдар құрамын шығын шоттарына жатқызылу мен олардың жабылуын көрсетеді. Мәселен, өндіріске шикізатты, материалдарды жіберу, еңбекке ақы төлеу шығындары, демалысқа ақы төлеу резервтерін есептеу, еңбекке ақы төлеуден жарналарды әлеуметтік салықка жіберу, жұкқұжаты шығындарын есептен шығару негізгі өндіріс шотына және шығындар бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп беру кезеңінің аяғында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығындары 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотында жабылады.
Өндіріс процессі — кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті — бухгалтерия жұмысы мен аудиторлық тексерудің жауапты учаскесі. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен дайын өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолданылатын бақылау процедураларын түсінуі керек. Мұндай ақпаратқа сүйене отырьш, аудитор нақты шаруашылық операцияларына арналған бақылау саясаты мен процедурасының дұрыс дайындалғанын және кәсіпорында дұрыс қолданылып отырғанын анықтайды.
Ішкі бақылау құрылымын зерттеу процессінде аудитор параллельді түрде бақылауға тексеру жүргізіп, осының арқасында бақылау процедураларынын, тиімді әрекет етуінің, Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес дұрыс дайындалғанының дәлелін ала алады. Мұндай дәлелдеулер аудиторға бақылау тәуекелдігі деңгейін аудиттің сәйкес мақсаттарына қатысты максимумнан төмен ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Әкімшілік жүргізетін тексеру тиімді болса, өнім шығындары есептелуінің толықтығы мен дәлдігі туралы пікір айтуға болатын фактілерді алуға жол ашады. Сонымен бірге аудитор тексерудің қаншалықты жан-жақты болғанын және оны жүргізген адамның елеулі бұрмалауды таба алатын-алмайтындығын ескереді. Сондықтан мұндай жұмыс бухгалтерияның материалдық бөлімі жұмысымен танысудан басталады. Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудың негізгі жолдары мен таңдап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек:

  • тауарлы-материаддық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық ТМБ үшін бірдей болуы керек;

  • соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелетін бастапқы құжаттар тізімі;

  • басшы бекіткен өндіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;

  • ТМБ түгелдеу жүргізу тәртібі мен мерзімі (материалдарды, аяқталмаған өндірісті, тауарларды);

  • ТМБ жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

Кәсіпорындағы ішкі бақылау процедуралары бола алады:

  • міндеттерді парапар бөлу;

  • мақұлдаудың тиімді процедурасының болуы;

  • құжатнама және есепке алу жазулары;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды нақты бақылау;

  • тәуелсіз тексерулерді іске асыру.

Міндеттерді парапар бөлу. Кәсіпорын басшылығы дайындаған және бекіткен саясаттар мен ішкі бақылау процедурасын зерттеу кезінде аудитор кәсіпорында қызметкерлер арасында міндеттердің қалай бөлінгені туралы ақпарат алады. Мысалы, материалдық жауапкершілікгі бөлу және бухгалтерлік есепті жүргізу (бухгалтерлік есепті жүргізу материалды жауапты адамға жүктелмеуі керек); шаруашылық операцияларды іске асыру мен тауар-материалдық босалқы қорлар бойынша материалдық жауапкершілікті мақұлдауды бөлу.
Мақұлдаудың тиімді процедурасының болуы: ішкі бақылау жүйесі әрекетінің тиімділігі үшін әр шаруашылық операцияға қажетті түрде рұқсат берілуі керек. Ол үшін кәсіпорында рұқсат беру ережелері мен белгілі бір шаруашылық операцияларға рұқсат беру үшін нақты лауазымды адамдар өкілеттілігі бекітіледі. Көбіне мұңдай ақпарат лауазымды нұсқауларда сақталады.
Құжатнама және есепке алу жазулары. Бұл жерде бухгалтелік есеп стандарттары, шоттардың жүмыс жоспары, есеп саясаты және есепті жүргізу принциптері мен ережелерін суреттейтін басқа әдістемелік басшылықтар негізінде құрылған құжаттандыру және есепке алудың сапалы жүйесі түсіндіріледі.
Өндіріс циклындағы ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруда ерекше роль тауарлы-материалдық босалқыларды есепке алу жөніндегі құжат айналымы графигіне беріледі.
Құжатпен айналысушы персоналға сұрақ қою арқылы аудитор танысу және орындау үшін кәсіпорыннның барлық қызметтеріне дейін құжат айналымы графигі жеткізілген-жеткізілмегеніне көз жеткізеді. Графикпен таныстырылған лауазымды адамдар құжаттардың уақтылы және толық толтырылуына жауап береді. 24-"Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандартында былай деп көрсетілгеы: "Құжат айналымы графигінің орындалуына, кұжаттардың уақтылы және сапалы құрылуына, бухгалтерлік есеп пен есеп беру көрсетілуі үшін оларды уақтылы берілуіне, құжаттардағы мәліметтердің нақтылығына осы құжаттарды құратын және оларға қол қоятын адамдар жауап береді".
Құжат айналымының графигі мынаны көздейді:

  • соның негізінде есептегі операциялар ғана саны мен ұсыну мерзімі тіркелетін құжаттар тізімі;

  • құжаттарды толтыру міндеті жүктелген орындаушылар тізімі;

  • кәсіпорын ішіндегі құжаттар қозғалысы.

Өндіріс циклындағы бухгалтерлік құжаттарды зерттей отырып аудитор төмендегідей негізгі аспектілер негізінде ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заңына сәйкес құрылуы қажет құжаттандыру және есеп жүйесі сапасына көз жеткізуі керек:

  • бухгалтерлік жазулар бастапқы құжаттардың түпнұсқасымен бекітілуі керек;

  • құжаттар мен жазулар үздіксіз бірқалыпты номерлеріне ие болуы керек;

  • барлық операциялар мен оқиғалар операцияны іске асыру кезіңде хронологиялық бірізділікпен тіркелуі керек;

  • синтетикалық есеп мәліметтері аналитикалық есеп мәліметтеріне сәйкес келуі кажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет