Алматы экономика жєне статистика академиясы


Берешек қарыздардың аудиті



бет60/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Байланысты:
Аудит

Берешек қарыздардың аудиті
Берешек қарыз деп – белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың мекеменің алдындағы сатып алған тауарлары, мекеменің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымнан аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы ұйымға берешек борышы бар мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы №2 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» - деп аталатын қаулысына сәйкес «Берешек қарыз иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Яғни, берешек қарыз – бұл иелік ету құқын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтаы экономикалық тиімділік болып табылады.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалынады: Дт 7010 Кт1320, 1330, 8010, 8020, 8030. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі 2410, 2730, 1150.
Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтерді сату құнына 1210 шоты дебеттеледі де, 6010 шоттары кредиттеледі.
Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралдарды 6210 шоттың кредиті, материалдық емес активтерді 6210 шоттың кредиті, бағалы қағаздары 6210 шоттың кредиті сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге қосымша құн салығына (ҚҚС) 1210 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі.
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу – төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1010 шоттары дебеттеледі де, 1210 шоты кредиттеледі.
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс төлесе, онда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын шегеріп барып төлем жасайды.
Егер де алынуы тиісті шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 6250 шоттың кредитінде көрсетіледі, ал теріс айырмасы 7430 шоттың дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Берешек қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғаннығ нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың құны шегеріледі.
Айдың аяғында 1210 шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген тауарлы-материалдық құндылықтар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.
Берешек қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, мекемелер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, берешек қарыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Басқалай берешек қарыздар аудиті
Басқалай берешек қарыздардың аудиті мыналарда жүреді:
- Өтелуі тиісті қосылған құн салығы;
- Есептелінген пайыздар;
- Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары;
- Басқалай берешек қарыздар.
Өтелуі тиісті қосылған құн салығы мекеменің сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып табылады. Осыған орай ол тауардың құнына қосылып, оның бағасын көтереді. Сондықтан бұл салықты сатып алушылар төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, осы тауарлар сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, неғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына 1420 шот дебеттелініп, 3310 шоттары кредиттеледі.
Аудиторлық тексеру есеп тіркемелері бойынша қосылған құн салығының дұрыс есептелгенін, уақтылы жүргізілгенін анықтайды.
Есептелінген пайыздарды аудиторлық тексеру – мекеменің шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивиденттерінің сомасын тексеру жатады.
Қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың берешегін тексеру – қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың берешек қарыздары жайлы ақпараттарды талдап, тексеру жатады. Сонымен қатар, бұл тексеруде қызметкерлер мен басқа да тұлғаларға қарызға қызметтегі іс-сапарлары және басқалай шығындары үшін берілген сомалар, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың мекемеге тигізген зияндары үшін ұсталынатын сомалар тексеріледі.
Сонымен қатар, 1280,2180 шотбйынша төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлы-материалды қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар құжат бойынша тексеріледі.
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі берешек қарыздардың, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Берешек қарызда көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Берешек қарыз көбінесе, мекеме еңбеккерлерінің берешегін жедел өндіріп алу тері пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.
Мекемелер арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі мекеменің (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен мекеменің қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік регистрде жазу сипатында болады.
Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.
1. Банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету).
2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша операцияларды есепте толық көрсетпеу.
3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу.
4. Анық емес мәтіндегі шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша аудару.
5. Жасанды заңды мен жеке тұлғаларға ақша аудару және т.с.с.
Сонымен қатар мекемелердегі берілген аванстар есебін тексеру жүргізіледі.

Кесте 1 - Берешек қарыздар мен алашақ қарыздар аудитінің бағдарламасы







Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

Ескертулер

1

Келісім-шарттың міндеттемелерін орындау мен берешек қарыздардың шынайылығын тексеру

Жабдықтау келісім-шарттар, шарттарды, жабдықтаушыларды, шот-фактураларды, нарядтарды, тапсырыстарды тіркеу журналдары




2

Берешек қарыз есебі, жабдықтауды және оларға төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау

Есеп, аудит және ішкі бақылау стандарттары, нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер, бастапқы құжаттар




3

Мәліметтерді жинау мен берешек қарыздар түрлері, көлем және мерзімдер бойынша жіктеу

Сатып алушылармен, есеп беретін адамдармен, ұйым қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есептеуді түгендеу материалдары




4

Берешек қарыздың жағдайын дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, өткізу жолымен тексеру

Бас кітап, 10 журнал-ордер




5

Берешек қарызды уақтылы өтеудің заңдылығы мен шынайылығын талдау

11 журнал-ордер, сатып алышылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі жөніндегі тізімдеме




6

Тауарлы-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру

Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.




7

Тауарлы-материалдық қорладың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Тиісті құжаттарды (коммерция-лық акт, теміржол станциясы түбіртектері, салыстыру тізімдемесі т.б.) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8журнал-ордер, Бас кітап және т.б.




8

Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақтылығын тексеру

Қабылдау актілері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал ордер, Бас кітап, баланс және т.б.







13-Тақырып. Ақша қаражаттарының аудиті
1. Кассадағы ақша қаржыларының аудиті
2. Банк операцияларының аудиті
3. Төлеу цикілінің және ақша қаржыларының аудиті



Ақша қаражаттарымен операциялар жүргізу жеткілікті түрде заңдық, ведомствалық және басқа нормативтік құжаттармен реттелген. Сонымен бірге, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін басқа да циклдар әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша сальдо үлкен болмайды, бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын болғандықтан, олардың ұрлану ықтималдығы жоғарырақ болады (ішкі тәуекелдік). Демек, бухгалтерлік есептің "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", "Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", "Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" шоттары объектіге қатысты тексеру жүргізілетін категорияға жатады.
Ақпарат көздері қаржылық қорытынды есеп баптары дұрыстығының белгіленген категориялары бойынша аудиторлық дәлелдеулер алу мақсатында зерттелуге тиісті. Төменде ақша қаражаттары аудитін жүргізу процессінде тексерілуге жататын негізгі пайымдаулар келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет