Құқық және міндеттемелер категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау: - ақша қаражаттарының төленуі және келіп түсуі заң негізінде жүзеге асырылады;
- шет елдік валюта түріндегі ақшаның қозғалысы ҚР "Валюталық реттеу туралы" заңын сақтау жолымен жүзеге асырылады;
- кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалды;
- ішкі ереже-нұсқауларға сәйкес ақшаның жұмсалуына өкілетті тұлғаның санкциясы (рұқсаты) берілген;
- жеке тұлғалармен есеп айырысу белгіленген тәртіп бойынша тіркелген бақылау — кассалық аппараттарды қолдану арқылы жүргізіледі;
- касса операцияларын жүргізу есеп саясатында қарастырылған касса операцияларын жүргізу Ережелерін сақтай отырып, ұйымдастырылған;
- ақшамен орындалған операциялар құжаттармен расталған және белгіленген нормативтік актілердің талаптарына сай;
- банк және касса құжаттарында түзетулер жоқ.