Алматы экономика жєне статистика академиясы


Ұзақ мерзімді акгивтердің сақгалуына



бет57/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Байланысты:
Аудит

Ұзақ мерзімді акгивтердің сақгалуына, пайдаланылуына тексеру жүргізу
Ұзақ мерзімді активтердін пайдаланылуна, сақталуына тексеру жүргізу, олардың бөлек объектілердің кімге бекітілгені, олардың пайдаланылуы мен күзетуі қалай ұйымдастырылғаны туралы мәлімет алуды көздейді. Ол үшін өндірістік ғимараттарды қарап шығу керек немесе кәсіпорын жұмысшыларына сұрау жүргізу қажет.
Аудитор, есеп мәліметтерін зерттеу процессінде негізгі құралдар объектілерінің барын және оларды бөлек топтар бойынша жіктелуін анықтайды (өндірістік, өндірістік емес меншікті, жалдағы т.б.) орналасқан орындарына қарай (бөлімшелер, материалды жауапкершілігі бар тұлғалар).
Ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есебін дұрыс ұйымдастыруын анықтағаннан кейін, олардың инвентарлық нөмірі барлығын, және техникалық құжаттарының түсу мерзіміне тексеру жүргізу.
Осы алынған мәліметтердің барлығы, типтік шоттар жоспарының 10,12 бөлімшелерінің жазуларымен және инвентарлық карточкалардың мәліметтерімен салыстырылады. Талдамалық және жинақтық есептердің мәліметтері бірдей болмаған жағдайда, олардың себебін, және айыпты тұлғалар мен оның экономикалық салдары анықталады.
Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша операцияларды тексеру
Негіз құралдар объектілерінің түсуін есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстығы тұрғысынан тексерілуі қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор операциялардың қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі, салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі. Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін мамандар енуі керек. Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (Ф. N00-1) толтырылғаннан кейін, осы объектіге катысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы немесе өкілетті тұлға бекітеді.
Аудитор міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің, инвентарлық объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың номері, күші), оның толықтығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді. Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын, қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.
Аудит процессінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және ары қарай пайдалануға, қалпына келтіруге болмайтын немесе экономикалық тиімсіз болатын құрал-жабдықтарды көлік құралдарын, аспаптарды алып тастауға аса мұқият бақылау жүргізіледі.
Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқаудың орындалуын анықтайды.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль инспекциясы, техникалық қадағалау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет