Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді активтердің мүмкін бұрмалаушылықтары. Ішкі бақылау құралдары арқылы шаруашылық операциялар жасалу барысында барлық мүмкін бұрмалаушылықтардан айырылу мүмкін болмағандықтан, аудитор өз тәжірибесі мен ұйым бизнесі жайлы білімдарлығына сүйеніп, тиісті процедураларды қолдануы керек. Бухгалтерлік есепте ҰМА-дің бұрмалаушылығы болып мыналар табылады:
Негізгі құралдарды уақытынан тыс кірістеу;
НҚ объектілерінің бастапқы құнын дұрыс анықтамау;
Амортизация толық есептелген НҚ объектілеріне тозу есептеу;
Капиталға жөндеу жүргізу үшін ақау актілері мен сметалардың жоқтығы;
НҚ объектілерінің нарықтық құнын дәлелдеу құжаттарысыз қайта бағалау;
ҰМА-ді өз меншігіне алу мақсатымен есептен шығару;
Есептеу негіздеріне дұрыс емес пайдалану мерзімі көрсетілгенде;
Бастапқы құжаттарының жетіспеушілігі;
Дұрыс емес есеп жүргізу;
ҰМА- ді түгелдеуді тек формальді түрде жүргізу;
Аудит мақсаттарына жету үшін мына мәселелерге көңіл бөлі керек:
ҰМА-ді сақтау және пайдалану шарттарын зерттеу;
ҰМА қозғалысы бойынша операциялардың есептегі дұрыс рәсімделуіне көз жеткізу;
ҰМА бойынша есептелген амортизацияны растау;
НҚ-ға жасалған жөндеу жұмыстарының көлемін және таңдалған әдісіне байланысты есепте көрсету заңдылығын анықтау;
Қаржылық есеп беруді құру алдындағы ҰМА—ге жүргізілген түгелдеудің сапасын бағалау.
Шот-фактура, келісім-шарт, жалдау туралы келісім, сақтандыру полистары, белгілер, салық комитетінің актілері сияқты құжаттарды қатыстыру аудиторға объект туралы маңызды ақпарат алуға көмектеседі. Егер аудиторларға одан да дәйекті ақпарат алу қажет болса, онда ол жалға берушілерге бағытталған, сақтандыру компанияларына бағытталған және мемлекеттік мекемелерге бағытталған хаттармен танысуы керек. Бухгалтерияда негізгі құралдардың талдамалық есебі әр түгелдеу объектілеріне ашылатын түгелдеу карточкаларында жүргізіледі. Ұқсас (бір) типті құралдарды бір түгелдеу карточкаларында есептейді.