Алматы экономика жєне статистика академиясы


Касса операциялары бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін бұрма



бет69/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Байланысты:
Аудит

Касса операциялары бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін бұрмалаушылықтар:
* кассирдің міндетін атқарушы тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарттың жоқ болуы;
* бастапқы касса құжаттарының жоқ болуы;
* касса құжаттарының белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделуі;
* кассаға түгелдеудің формалды түрде жүргізілуі;
* айналымдар мен қалдықтарды есептеу кезінде арифметикалық қателердің болуы.

14-Тақырып. Меншікті капиталдардың аудиті
1. Меншікті капиталдың сәйкестігіне тексеру жүргізу
2. Жарғылық капитал аудиті
3. Резервтік капитал аудиті
4. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті

Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық олерациялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу кезіңінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.


Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық олерацияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік беретін ақпараттардың болуы қажет.
Аудиттің алдына қойылған мақсаттарды ашып көрсету үшін кәсіпорын басшылығының қаржылық қорытынды есептің «Меншікті капитал" бөлігі баптарының дұрыстығы категориялары толықтық, бағалау, құқықтар мен міндеттемелер, тапсыру және қызмет көрсету бойынша пікірлерін қарастырамыз
меншікті капиталдың өзгеруі, сатьш алу, бөлінбеген таза табысқа шектеулер қою немесе басқа да елеулі шаруашылық операциялары капиталдың тиісті шоттарында көрсетіледі.
шығарылған акциялардың қорытынды есепте көрсетілген саны шындыққа сәйкес келеді;
жинақтаушы (синтетикалық) есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтар талдамалық (аналитикалық) есеп шоттары бойынша айналымдармен және қалдықтармен бірдей, сондай-ақ Бас кітап пен балансқа толық көшірілген;
акционерлік капиталға қатысты барлық операциялар Директорлар кеңесінің рұқсаты бойынша орындалады.
сыйақымен (үстемемен), кепілдіктермен акциялар шығару жоспарларының дұрыс есебі жүргізіледі және соған парапар тиісті ашьш көрсетулер тапсырылады;
табыстардың алынуы және резервтердің құрылуы нормативтік-құқықтық актілерге және қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығарылған.
опционды акцияларға кепілдіктер, құқықтар беру, дивиденттер капитал шоттарында көрсетіледі.
шығарылған акцияларды бағалау есеп принциптеріне сәйкес келеді.
Тексеру жүргізу процедураларын қабылдамас бұрын аудиторға қарастыруға қандай құжаттардың алынатындығын анық білу қажет.
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
жарғылық капитал туралы мәліметгерді, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін құрылтай құжатгарымен және Жарғымен салыстыру. Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен және жалпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;
хабарланған борыштар бойынша мәліметтерді әлі салынбаған сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;
акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) бойынша сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;
акционерлер - әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін) зерттеу, бастапқы және ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу бойынша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;
кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;
шығарылған және айналымдағы акциялардың саны туралы клиеттен жазбаша куәлік алу;
акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу және акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.
Ұйымның (кәсіпорынның) шаруашылық қызметтің қандай түрлерімен айналысатындығын, ұйымның тіркелген жарғысында қарастырылған қызметтің түрлерінен ауытқулардың бар немесе жоқтығын зерттеу керек. Жекелеген қызмет түрлерінің мемлекеттік тіркеуден өтуді немесе лицензиялауды талап ететіндігін есте сақтау қажет. Сондықтан аудиторлар тексеру жүргізу барысында лицензиялардьщ бар екендігін, мысалы, сауда—сатып-өткізу қызметінің түрлеріне, бағалы қағаздармен орындалатын операцияларға, банк қызметінің түрлеріне, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және т.б. бар екендігін анықтауға тиісті.
Егер ондай қызметтің түрлеріне кәсіпорында (ұйымда) лицензия (рұқсат) болмаса, онда жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша орындалған операциялар заңсыз деп есептеледі.
Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.
Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.
Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізінің 16 "Меншікті капитал" тарауында меншікті капиталдың ұйымның активіндегі міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі үлес екендігі атап көрсетілген. Акционерлік қоғамда ол акционерлер салған қаржылар, бөлінбеген табыс, резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталға қолдау көрсетуді камтамасыз ететін түзетулерді көрсететін сомалар сияқты топтарға бөлінеді.
Баланста меншікті капиталды құраушы тиісті шоттардың сальдолары (қалдықтары) келтіріледі. Олар, әрине, меншікті капиталдың есепті кезең ішіндегі жағдайы мен оның құралу тәртібі туралы толық мағлұмат бере алмайды. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы қорытынды есеп бұл ақпараттарды құрылымдық және сандық өзгерістер тұрғысынан ашып көрсетеді. Қорытынды есеп қатарлары мен бағаналарында меншікті капитал шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар көрсетілетін кесте болып табылады, ал қорытынды есептің қатарлары бойынша көрсеткіштерді қосқаннан кейінгі жиынтық нәтижесінде есепті жылдың 31 желтоқсанына-құрылған баланстың "Меншікті капитал" бөлімінің жиынтық көрсеткішіне сәйкес келетін соманы береді.
Жарғылық капиталдың аудиті
Жарғылық капитал дегеніміз - бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшьшың (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жарғылық капиталдың құралуының жинақтаушы (синтетикалық) есебіне тексеру жүргізу кезінде аудитор төмендегі аудиторлық дәлелдеу жинау әдістерін пайдалануына болады: құрылтайшылардың жарғылық капиталға қаржы салу тәртібі туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ауызша және жазбаша сұрау беру.
Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша аудит өткізу больш табылады. Аудитор жарғылық капиталға қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеруге міндетті.
Жарғылық капиталдың құралуын тексере отырып, аудитор оның сомасының дұрыстығына көз жеткізуге тиісті. Ол баланста және "Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы" қорытынды есепте көрсетіледі. Аудитор оны құрылтай құжаттарының мәліметтерімен салыстырады. "Жарғылық капитал" шоттары бойынша сальдо кәсіпорынның (ұйымның) құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшеріне сәйкес болуға тиісті.
Құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың шамасының сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін баланс көрсеткіштерін Бас кітаптың "Карапайым акциялар", "Артықшылығы бар акциялар" және "Салымдар мен пайлар" шоттарының мәліметтерімен, сондай-ақ аталған шоттардың кредиті бойынша айналым сомасы көрсетілетін есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.
Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
Резервтік капитал өндірісті дамытуға, кәсіпорынның қызметі тоқтаған жағдайда еңбек ақы және бюджетке салық төлеуге инфляциялық зиянды жабуға, акционерлік қоғам кеңесінің шешімі бойынша жарғылық капиталды толықтыруға, қайта бағалау сомаларын жабуға және акционерлік қоғамның дамуының басқа баптарына пайдаланылады.
Аудитор резервтік капиталдың қаржылары материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый ақы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп калуы мүмкін. Сондықтан аудитор резервтік капиталдың пайдаланылуын барлық орындалған операцияларға талдау жасау жолымен егжей-тегжейлі тексеруге тиісті.
Резервтік капиталдың құрылуы міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ал екіншіде - кәсіпорынның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіпке немесе оның есеп саясатына сәйкес құрылады.
ҚР Қаржы Министрлігінің "Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізін бекіту туралы" бұйрығында "Резервтік капиталдың құралуы кәсіпорын (ұйым) мен оның кредиторларын зиянның зардаптарынан қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында қарастырылады" делінген. Егер кәсіпорынның құрылтай құжаттарында резервтік капиталды құру қарастырылмаған болса, онда кәсіпорынның оны құруға құқығы жоқ.
Резервтік капитал бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарындағы "Резервтік капитал" бөлімшесінің "Заңмен белгіленген резервтік капитал" және "Басқа да резервтік капитал" шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшенің шоттары заңға және құрылтай құжаттарына сәйкес құрылған резервтік капиталдың жағдайы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған. Резервтік капиталға аударым жасау "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқа да резервтік капитал" шоттарының кредитінде және "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шотының дебетінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңында қоғамның резервтік капиталын пайдалану тәртібін анықтау Директорлар кеңесінің ерекше міндетіне жатқызылған. Сондықтан аудитор резервтік капиталға бөлінбеген табыстан аударым жасау және оның мөлшері туралы Директорлар кеңесі шешімінің бар екендігін, сонымен бірге осы резервтің есебінен заңды есептен шығарудың негізділігін анықтауға тиісті.
Резервтік капиталдың пайдаланылуы "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқа да резервтік капитал" шоттарының дебеті және "Дивиденд және қатысушылардың табыстары бойынша есеп айырысу" бөлімшесі шоттарының, "Басқа да кредиторлық борыштар" бөлімшесінің "Басқалары" шотының кредиті бойынша көрсетіледі - есепті жылдың табысы болмаған жағдайда резервтік капиталдың есебінен дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептелгенде; "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі — есепті жылда немесе өткен жылдарда кәсіпорынның шеккен зияны резервтік капиталдың есебінен жабылғанда. Осы жазулардың негізінде резервтік капиталдың пайдаланылуына бақылау жасалынады.
Резервтік капиталдың өзгеруі құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы, резервтік капитал меншікті акцияларды қайтарып сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Компанияның акцияларды қайтарып сатып алуы оның қаржылық қызметінде келеңсіз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір шығып кетуін болдырмау мақсатында, акциялардың санын және олардың бағамын жасанды түрде реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.
Меншікті капиталдың келесі негізгі элементі қосымша төленген капитал болып табылады. Ол меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде ақпараттарды жинақтау үшін "Қосымша төленген капитал" шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сыйақы, яғни, меншікті капиталдың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы "Қосымша төленген капитал" шотының кредиті және ақша қаражаттары шоттарының немесе "Басқа да дебиторлық борыш" бөлімшесінің "Басқалары" шотының дебетінде көрсетіледі. Аудиторға қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру, баланстағы осы бап бойынша қалдық сомасын "Қосымша төленген капитал" шотының кредиті бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру кажет.
Қосымша төленбеген капитал — негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалау нәтижесінде олардың бастапқы құндарының өсу сомасы. Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомаларының нақты бары мен олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал", "Инвестицияларды кайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал", "Басқа да активтерді қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал" шоттары пайдаланылады.
Аудиторға осы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау операцияларының жоғарыда аталған шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) аудиті
Меншікті капиталдың бұл элементіне тексеру жүргізу кезінде аудиторға жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарды Бас кітаптың "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)", "Өткен жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоттарының мәліметтерімен және бухгалтерлік есептің осы шоттардың кредиттік айналымы көрсетілетін регистрлерімен салыстыру қажет. Содан кейін шаруашылық операцияларының осы шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы "Жиынтық табыс (зиян)" шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша "Табыстар" бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойынша "Шығыстар" бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі. "Жиынтық табыс (зиян)" шотының дебеттік және кредиттік айналым сомаларын салыстыру нәтижесінде "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшірілетін таза табыстың (зиянның) сомасын анықтайды. Егер есепті кезеңде табыс алынған болса, онда "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліл, "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі, ал егер де зиян болса, онда керісінше бухгалтерлік жазу орындалады, яғни, "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты дебеттеліп, "Жиынтық табыс (зиян)" шоты кредиттеледі.
Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының есебінен резервтік капиталға аударым жасалынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаражаттары сомасына "Резервтік капитал" белімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп, "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотынан "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшіріледі.
Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тек есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезеңдердің де мәліметтері алынады.



15-Тақырып. Міндеттемелер аудиті
1. Жабдықтаушылармен есеп айырысу аудиті
2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
бюджетпен есеп айырысу аудиті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет