Алматы экономика жєне статистика академиясы


Қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу аудиті



бет70/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Байланысты:
Аудит

1 Қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу аудиті

Мекеме өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Мекемені жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Мекеме өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы мекемелерімен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.


Демек, мекеме қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстары мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша – есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-фактуралардың алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін қоюшы және мердігерлердің есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ол үш кезең бойынша жүргізіледі.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем тапсырмалары нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісімшартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құдылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері бойынша расталады. Бұл орайда, шоттың қай күні төленгені және төлемнің қай шоттан жасалғаны көрсетіледі.
Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Журналдың қорытындысы төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы жол үстіндегі материалдар шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы рет-ретімен көрініс табады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 3310 шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет