Кассаға түгелдеу жүргізу және ақша қаражаттарын сақтау жағдайларын тексеру. Тексеру орнына келгеннен кейін, аудитор кассада сақтаулы ақша қаражаттарына түгелдеу жүргізеді.
Кассир түгелдеу жүргізу сәтіне кассаның есебін жасауға және касса кітабы бойынша ақшаның қалдығын шығаруға тиісті. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есепке кіргізілгендігі және кіріске алынбаған, есептен шығарылмаған сомалардың кассада жоқ екендігі жөнінде қолхат алынады. Аудитор кассадағы ақшаның қайта саналуына бақылау жасайды, ал содан кейін кассадағы нақты бар ақша сомасы бухгалтерлік есепке тіркелген олардың қаддықтары жөніндегі мәліметтермен салыстырылады.
Түгелдеу нәтижесі кассир мен кәсіпорынның бас бухгалтері қол қоятын актімен рәсімделеді. Акт жазбаша аудиторлық дәлелдеу болып табылады және оның мәліметтері ары қарайғы тексерулер үшін қажет.
Түгелдеу жүргізу уақытында ақша қаражаттарының сақталу жағдайына тексеру жүргізіледі. Тексеру жүргізу барысында аудитор төмендегілерді анықтайды:
* банкген жеткізу кезінде және еңбек ақы төлеу уақытында ақшаның сақталуының қамтамасыз етілуін;
* кассада ақшаны және басқа құндылықтарды сақтау үшін сейф немесе жанбайтын шкафтардың бар-жоқтығын;
• кәсіпорын кассасының сақтандырылуын, сейфтің (жанбайтын шкафтың) кілттерін сақтау ережелерінің орындалуын.