Касса операцияларының аудиті бойынша ішкі бащіау құралдарының тиімділігін сипаттаушы тест сұрақтары 1 . Кәсіпорында жасалынған және басшылар бекіткен касса операцияларын жүргізу_Ережесі бар ма?
2. Кассирмен жасалынған толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт бар ма?
3. Касса операцияларын жүргізу Ережелерімен кассир таныстырылған ба?
4. Кассирлерді ауыстыру кезінде түгелдеу жүргізіле ме?
5. Тұрақты жұмыс істейтін түгелдеу комиссияеын тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққан ба?
6. Кассаға күтпеген жерден ревизия жиі тоқсан сайын жүргізіле ме?
7. Кассада ақшаның кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алына ма?
8. Касса бөлмесі күзеттік сигнал беру жүйесімен жабдықталған ба?
9. Кәсіпорында қанша бақылау-кассалық, бақылау-салық машиналар бар?
10. Бақылау-кассалық машиналар салық органдарында тіркелген бе?
11. Кассалық кіріс және шығыс ордерлерін бухгалтер осы мақсаттар үшін пайдаланылатын журналда тіркеп отыра ма?
12. Кәсіпорында ақшаны ұрлау және жұмсап қою жағдайлары болды ма?
13. Касса кітабын толтыру оған қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?