Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет74/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Байланысты:
Аудит

Маңыздылық пен пікір
Аудиторға қаржылық есеп беру бұрмалануын тудыратын фактілерден ауытқудан басқа міндеттемелердің екі типі болуы мүмкін екенін естен шығармау керек:
- бухгалтерлік есеп стандартының дұрыс қолданылмауы; — қажетті ақпаратты өткізіп алу.
Қаржылық есеп беруді тексеру кезінде оған аудиттағы маңыздылықтың сапалық және сандық сияқты екі жағын ескеру қажет.
Маңыздылықтың сапалық жағы - жасалатын операциялардың Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативті актілердің талаптарынан ауытқуы.
Сандық жағы маңыздылық деңгейімен сипатталады. Маңыздылық деңгейі бұл қаржының есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.
Сондықтан аудиторларға есеп беруді ықтимал пайдаланушылар және бұл есеп беру дұрыс шешім қабылдау үшін нақты және объективті ақпаратты сақтауы туралы мәліметтер қажет. Маңызды болып табылатынды бағалау кәсіби пікір пәні болып табылады. Аудитордың кәсіби пікірі - оның білімі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы. Бұл оның әрекетінің тәртібін қатал анықтау мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешім қабылдау үшін негіз болады.
Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдірудің мақсаты - аудитордың назарын аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау негізінде қаржылық есеп берудің елеулірек құрамдас бөлігіне аудару. Мысалы, аудитор 50 мың теңгені құрайтын, баланс үшін емес, таза табыс үшін маңызды болатын дәл емес мәліметтерді қарастыра алады.
"Маңыздылық туралы пікір - аудитор қабылдайтын маңызды шешімдерінің бірі. Ол аса жоғары кәсіпқойлықты талап етеді". Аудитор пікірі қажетті дәлелдерді жинақтауды жеңілдетуге көмектеседі. Егер аудитор маңыздылық деңгейін елеусіз сома көлемінде орнатса, онда оған елеулі соманы анықтағаннан гөрі, көбірек дәлелдер санын жинақтау қажет.
Жұмыс барысында аудитор жекелеген елеусіз бұрмалаулардың жиынтығын да қаржылық есеп берудің нақтылығына күмән тудыруға себеп болатынын байқауы мүмкін. Бұл жағдайда аудитор бар қателерді анықтау үшін тексеру масштабын өсіру қажет болады. Тексеру аяғына қарай рұқсат етілетін бұрмалау маңыздылығының дәрежесі жоспарлау кезеңіне қарағанда басқашалау болуы мүмкін.
Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдіруге әсер етуші негізгі факторлар:
- кәсіпорын көлемі;
- базалық көрсеткіштері;
- аудиторлық фирма клиентурасы құрылымының өзгеруі;
-бухгалтерлік есеп, аудит пен салық салу саласындағы заң талаптарының өзгеруі.
Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде екі шама пайдаланылады: қатенің абсолютті шамасы мен қатенің салыстырмалы шамасы.
Абсолюттік шама — бұл көлеміне, мысалы 500 теңге немесе 1000 теңге болғанына қарамастан қате басқа жағдайларға тәуелсіз соманың елеулігіне қарай маңызды деп танылатындығы жөніндегі аудитордың субъективті пікірі.
Салыстырмалы шама қабылданған базалық шама сәйкес пайыздық қатынаста анықталады (табыстан салық салуға, ағымдық активтерге, баланс валютасына дейін және т.б.).
Әр аудиторлық фирмаға маңыздылық деңгейін анықтау жолдарын дайындау үшін критерийлер жүйесін және есептеудің қажетті тәртібін жасау және оларды фирмаішілік немесе әдістемемен толтыру қажет.
Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде аудиторға екі факторды ескеру қажет:

  • қаржылық есеп беруді құру жағдайы;

  • пайдаланушылар үшін қаржылық мақсаты, яғни бір клиент маңыздылығы басқа клиент маңыздылығына сәйкес келмейді.

Маңыздылықты анықтау кезінде аудитор клиентпен есептеу деңгейін немесе тәртібін талқыламауы керек, себебі, бірінші кезекте жұмыс көлемін және қабылдауға қабілетті тәуекелдерді өзі анықтайды.
Жоспарлау кезеңінде маңыздылық қарастырылады:

  • шоттар сальдосы деңгейінде;

  • қаржылық есептеме деңгейінде.

Шот садьдосы деңгейіндегі маңыздылық елеулі түрде бұрмаланған деп есептеуге болатындай шот сальдосында орын алған минималды бұрмалауды көрсетеді. Бұл деңгейге дейінгі бұрмалау рұқсат етілген бұрмалау ретінде белгілі. Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылық түсінігін шоттағы елеулі қалдық терминімен араластыруға болмайды. Соңғы термин шоттың көрсетілген сальдосы размеріне жатады. Сол кезде маңыздылық түсінігі пайдаланушы тарапынан болатын шешім түсінігіне әсер ететін бұрмалау сомасымен байланысты.
Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылыққа қатысты қорытынды қабылдау кезінде аудиторға онымен қаржылық есеп беру деңгейіндегі маңыздылық арасындағы өзара байланысты қарастыру қажет. Бұл қарастыру аудиторды аудитті жеке емес, басқа шоттар сальдосындағы бұрмалаулармен жиынтықта жалпы қаржылық есеп беру үшін елеулі болуы мүмкін бұрмалауларды анықтауға болатындай етіп жоспарлауға әкелуі керек.
Қаржылық есеп беру деңгейіндегі маңыздылық жөніндегі аудитордың алдын ала пікірі сандық көрініспен анықталса, әр шотқа қатысты маңыздылықтың алдын ала бағасын жекелеген шоттың қаржжылық есеп беру деңгейінде маңыздылықты бөлу жолымен алуға болады. Бөлуді бухгалтерлік баланспен қатар табыстар мен шығындар туралы есеп беруде де жасауға болады. Бірақ табыстар мен шығындар жөніндегі бұрмалаудың үлкен бөлігі де баланстық есеп беруге әсер ете алатындықтан және баланстық есеп беру шоттары аз болатындықтан көптеген аудиторлар бөлуді бухгалтерлік баланс шоттары негізінде іске асырылады. Бөлуді іске асыру кезінде аудиторға қарастыру қажет:
- шотта болатын бұрмалаудың шындыққа жақын болуы;
- осы шотты тексерумен байланысты мүмкін болатын шығындар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет