Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет72/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Байланысты:
Аудит

Өзіндік жұмыс сұрақтары
1 тақырып
1. Аудит дегеніміз не?
2. Аудиттің мақсаты, маңызы мен міндеттері қандай?
3. Аудиттің пайда болу себебі?
4. Аудит түрлерін атаңыз
5. Ішкі және сыртқы аудит арасындағы байланыс пен айырмашылық қандай?
6. Аудиторлық қызмет көрсету түрлерін сипаттаңыз.
7. Қазақстанда аудит қалай дамыған?


Тест сұрақтары
1. Кәсіби аудиттің тарихи отаны?
а) Ұлыбритания;
ә) Ресей;
б) Франция:
в) АҚШ;
г) Австралия.
2. Кәсіби аудитке қажеттілік қандай себептерден туындады?
а) сенімділігі мен шынайылығын растау қажеттілігінен;
ә) басқару үшін ақпарат қажеттілігінен;
б) ақпараттың сапасына қарай қабылданатын шешімнің салдарына байланысты;
в) шаруашылык қызметтің нәтижелері туралы мәліметтердің толық көрініс табуын тексеруден;
г) компанияны басқару жүйелерін жетілдіруден.
3. Аудиттің мәні неде?
а) қаржылык есептемені тәуелсіз сараптау бойынша кәсіпкерлік қызметте;
ә) бухгалтерлік есептің жүргізілуін және есеп берудің жасалуын тексеруде;
б) салык есебіне және қаржылык, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге көмек көрсетуде;
в) шаруашылык жүргізуші субъектілер қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде;
г) бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуынан кемшіліктерді анықтауда.
4. Қаржылык есеп бойынша аудиторлық қорытынды қандай талаптар мен жағдайларға сәйкес жасалады?
а) қолданыстағы заңның талаптарымен;
ә) клиенттің жағдайымен;
б) кәсіпорынның ұйымдастырушылык-құқықтық формасымен;
в) жоғарыдағаұйымдардың нұсқауымен;
г) аудиторлық қорытындыны жасау туралы ережемен.
5. Міндетті аудит неге байланысты өткізілуі мүмкін?
а) заң белгілеген жағдайда;
ә) экономикалык субъектінің шешімі бойынша;
б) қаржылык немесе салық органдарының тапсырмасы бойынша;
в) контрагентгердін талап етуі бойынша;
г) мемлекеттік бақылау жоспары бойынша.
6. Сыртқы аудиттің ішкі аудиттен айырмашылығы неде?
а) мақсаттары мен субъектілерінде;
ә) тексеру әдістерінде;
б) тексеру объектілерінде;
в) жұмысты және есепті ұйымдастыруда;
г) тексеру нәтижелерінде.
7. Аудитор мен клиенттің өзара қарым-қатынасы қалай құрылады?
а) аудиторлық қызмет туралы нормативті- құқықтық актінің талаптарын сақтау негізінде;
ә) ерікті түрде және өтеу негізінде;
б) аудиторлық фирма басшылығының анықтауымен;
в) аудиторлық стандарттармен белгіленеді;
г) аудитор этикасының кодекс талаптарын сақтаумен.
8. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болу үшін аттестациядан өтуге қай тұлғалар жіберіледі?
а) жоғары білімі және соңғы жеті жылдағы бес жыл ішінде экономикалық, қаржылық, есептік-талдамалы, ревизиялық- бақылау салаларында немесе құқық саласында істеген жұмыс тәжірибесі бар тұлға;
ә) жоғары техникалық білімі және бес жылдан да көп аудитор ретінде істеген жұмыс стажы бар тұлға;
б) жоғары -экономикалық білімі және мамандығы бойынша бес жылдық жұмыс стажы бар тұлға;
в) жоғары оқу орындарында және бизнес-мектептерде арнайы дайындықтан өткен тұлға;
г) арнайы (экономикалық, заңгерлік) орта білімі және мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс стажы бар тұлға.
9. Қазақстан Республикасында жыл сайынғы міндетті аудиторлық тексеруге экономикалық ұйымдардың кайсысы жатады?
а) заң актілерінің талаптарына сәйкес қызмет түрі мен ұйымдастырушылық-кұқықтық формаларына қарамастан кез келген экономнкалық ұйымдар;
ә) заңмен белгіленген ең аз шамадағы бір айлық еңбекакы мөлшерінен жылына 300000 есе артық өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін түсім көлеміне ұйымдар:
б) есептік кезеңнің соңында ең аз шамадағы бір айлық еңбекақы мөлшерінен 200000 есе артық баланс активтерінің сомасы бар ұйымдар;
в) заңмен белгіленген есептік көрсеткіштерден 500000 есе асып түсетін өнім, жұмыс және қызметті өткізуден түскен табысы бар ұйымдар;
г) қаржы-кредит және сақтандыру ұйымдары, біріккен кәсіпорындар мен ашық халықтық қоғамдар.
10. Аудитор мыналардың қайсысы негізінде тексеруді сапасыз жүргізген жағдайда матерлалдық тұрғыдан жауап береді?
а) аудитор мен клиент арасындағы келісімшарт шарттары негізінде;
э) соттың немесе төрелік соттың шешімі негізінде;
б) қолданыстағы заңактілері негізінде;
в) құқық сақтау органдарының талап етуі негізінде;
г) клиенттің талап етуі негізінде.

2

2-Тақырып. Қазақстанда аудитті құқықтық реттеу
1. Аудиторлық қызмет туралы заң
2. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет