Дәлдік категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау: * операциялар бастапқы есеп құжаттарында, бухгалтерлік есеп регистрлерінде көрсетілген және қаржылық қорытынды есепке дәл көшірілген;
* теңгеге айналдыру үшін шетелдік валютаның дұрыс және дәл бағамы қолданылады.
Нақты бар болу категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау: * бухгалтерлік баланста көрсетілген ақша шоттары бойынша сальдо кәсіпорында шын бар ақшаны сипаттайды;
* кассадағы және банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары жүргізілген түгелдеудің нәтижесімен расталған;
* ақшаның келіп түсуі және шығысқа шығарылуы бойынша операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді.