Алматы экономика жєне статистика академиясы


Ішкі бақылау кұралдарының тиімділігін



бет51/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Байланысты:
Аудит

Ішкі бақылау кұралдарының тиімділігін сипаттайтьш тестілік сұрақтар



Реттік

Тест сұрақтарының мазмұны

Иә

Жоқ

Ескерту

1

Барлық өнімдер мен тапсырыстар бекітіліп, хронологиялық тәртіппен тіркеле ме?










2

Төленуі керек шоттар құжаттары мен файлдарды тек өкілетті адамдар ғана пайдалана алады.










3

Шот фактуралар өтінімдері және тапсырыстармен, сонымен қатар материалды жауапты адамдар есеп берулерімен салыстырыла ма?










4

Барлық ақша төлемдерінің құжаттық дәлелдемесі бар және тіркелімдерге дұрыс енгізілген.










5

Төленетін шоттардың бәріне рұқсат беріледі.










6

Жабдықтау бөлімі жеткізу шарттары орындалуын оперативты бақылауды қамтамасыз ететін жүктер түсуін есепке алу журналын жүргізе ме?










7

Жүктер ашылған және орын немесе масса жетпеуі, қорап зақымданған және материалдар бүзылғаны анықталған кезде, сонымен қатар қоймаға келіп түскен жүктер саны мен сапасы жеткізушілер шоттары мәліметтеріне сәйкес келмеген кезде бастапқы құжаттар дұрыс толтырыла ма?










8

Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер саны мен сапасы бойынша уақыты өтіп кеткен шағымдар жоқ па?










9

Қабылдау актілері, кіріс ордерлері, қоймалық есепке алу карточкаларының мәліметтері шот-фактуралар, тауар-көліктік жүк-құжаттар және жеткізушілердің бірге жіберілген құжаттары көрсеткіштерімен салыстырыла ма?










10

Жеткізушілермен өзара есеп айырысуды салыстыру актілері жүргізіледі:
• қажет болған жағдайда;
• әр тоқсан аяғында;
• жыл аяғында.










11

Жеткізушілердің салыстыру актілері қамтиды:
• 50%-ға;
• 75%-ға;
- 100%-ға.










12

Жергілікті жеткізушілерден тауар-материалдық босалқы қорларды алуға арналған сенімхаттарды беру журналы дұрыс жүргізіле ме?










13

Жабдықтаушылардан ТМБ алу құқығына кім ие?










14

Уақыты өтіп кеткен сенімхаттар бойынша ТМБ есептен шығару орын алған ба?










15

Кассадан алынған қолма-қол ақшамен немесе есептегі сомадан төленген ақшамен рыноктық бағамен жеке адамдардан материалдарды сатып алу кезіндегі актілердің дұрыс толтыруы және операциялардың нақтылығы анықтала ма?










16

Қабылдау актілерін құру тәртібі орындала ма, алынған жүктерді шығару толықтығы, фактураланбаған жеткізулер бойынша баға мен құнды қою дұрыстығы тексеріле ме?










17

Мердігерлермен және жабдықтаушылармен есел айырысуды есепке алу схемасы жасалған ба?












Сатып алу циклы бойынша бухгалтерлік есептегі мүмкін (ықтимал) бұрмалаулар клиент кәсіпорнындағы бақылаудың жалпы жүйесі туралы ақпаратқа қосымша шаруашылық операцияларды (қолмен немесе компьютермен) тіркеу қалай іске асырылатынын, осы жүйелер қаншалықты қиын және бақылау құрылымының басқа негізгі сипаттамалары туралы аудитор бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы жүретін сатып алу циклі операцияларын талдау арқылы біледі.
Сонымен қатар аудитор сатып алу тапсырыстарына, қабылдау туралы құжаттарға, шот-фактураларға, қолма-қол ақшаны төлеуге, барлық осы процедураларды орындайтын қызметшілер арасында міндеттерді бөлуге қолданылатын бақылау реттемелерін де талдауы керек.
Осындай ақпаратқа сүйене отырып, аудитор нақты шаруашылық операцияларын бақылау реттемелері қаншалықты жақсы дайындалғанын және әрекет ететінін анықтайды.
Бақылау құрылымын зерттеу кезіңце аудитор бақылау ретемесіне ағымдық тексерулер (жоспардан тыс немесе жоспарлы) жүргізіп, бақылау құрылымы жақсы жоспарланғаны және дұрыс әрекет ететіндігі туралы дәлелдеме алады. Мұндай дәлелдер аудиторға қате ықтималдылығын төмен ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, басшылықтың жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысу жағдайы туралы есеп беруді қалай тексеретінін зерттей отырып, аудитор осыны қызметшілер қалай істейтінін бақылай алады немесе осыны дәлелдейтін құжаттарды зерттей алады. Егер жүйе тиімді болса, басшылық тексерулері сатып алу бойынша операциялар толықтылығы мен дәлдігінің кейбір дәделін береді. Аудитор тексерудің қаншалықты толық жүргізілгенін және басшылықтың қатені немесе сәйкессіздікті табу ықтималдылығы қаншалықты жоғары екенін қарастырады.
Ары қарай аудитор қате ықтималдылығын елеусіз деп бағалау үшін бақылау реттемесі тиімділігіне қосымша дәлелдеулер алу-алмау керектігін шешеді. Бірақ, ең алдымен, өз тәжірибесіне сүйене отырьш, ол тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу операцияларында орын алуы мүмкін ықтимал бұрмалаулар туралы білуі керек.
Сатып алу циклы бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін бұрмалаулар:

  • шарттың дұрыс толтырылмауы;

  • жеткізуші мен мердігерлерден түскен тауарлар мен қызмет көрсетуді уақтылы кірістірмеу;

  • түпнұсқа құжаттардың жою салдарынан болған бұрмалаулар;

  • бухгалтерлік есеп шоттарында нақты емес дебиторлық және кредиторлық борыштарды көрсету;

  • жабдықтаушылар шоттарында бөліп көрсетілген ҚҚС сомаларын шоттарда дұрыс емес немесе заңсыз көрсету;

  • бухгалтерлік есеп шоттарының мүлтіксіз емес корреспонденциясы, талдамалық есептің болмауы және т.б.;

  • жалған құжаттарды (шарттарды, жүкқұжаттарды, актілерді) құру;

  • жабдықтаушылар шоттары мәліметтерінің кәсіпорын есебі мәліметтеріне сәйкес болмауы.

Сатып алу циклы бойынша бұрмалауларды қосымша табуға мүмкіндік беретін баланстыққа жақын баптары болуы мүмкін:

  • ақша төленуін сипаттайтын шоттар;

  • табыстар мен шығыстардың шоттары (алынған жеңілдіктерді есепке алу бойынша, көліктік дайындау шығындары, айыппұл және алынған жеке төленген тұрақсыздақ айыбы және басқалар).




10-Тақырып. Өндіріс кезеңінің аудиті
1. Өндіріс кезеңі шоттары мен аудиторлық тексеру бағытының қатынасы
2. Өндіріс кезеңі аудитінің ақпарат көздері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет