Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


Галилейдің салыстырмалылық принципі



бет11/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

4.1 Галилейдің салыстырмалылық принципі
Галилейдің салыстырмалылық принципі (салыстырмалылықтың механикалық принципі) табиғаттың негізгі қасиеттерін бейнелейді: инерциялық санақ жүйесінің бірқалыпты түзу сызықты қозғалатынын немесе тыныштықта болатынын осы санақ жүйесінде жүргізілетін механикалық тәжірибелер арқылы көрсету мүмкін емес.
Галилейдің салыстырмалылық принципіне Галилейдің түрлендіру координаттары сәйкес келеді. Егер екі инерциалдық санақ жүйелері осьтері бір-біріне параллель және салыстырмалы қозғалыс олардың біреуінде (мысалы, х осінің бойында) (4.1 сурет) өтетін болса, Галилей түрлендірулері (тура және кері) мына түрде болады

4.1 Сурет

(4.1)
мұндағы  – К` жүйесінің шартты түрде қозғалмайтын К жүйесіне қатысты жылдамдығы.
Галилей түрлендіруі кезінде өзгеріссіз қалатын физикалық шамалар Галилей түрлендіруінің инварианттары деп аталады.
Сондай шамалардың бірі - үдеу
(4.2)
,
ү деу Ньютонның екінші заңының да инвариантты екенін көрсетеді
Классикалық механиканың негізгі инварианттарының арасында кеңістіктік интервал  (екі кеңістіктік нүктелердің ара қашықтығы)
,
4.3)
және уақыт интервалы орын алады
. (4.4)
Классикалық механикада инвариантты емес шамаға жылдамдық жатады. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы бойынша
. (4.5)
Салыстырмалылық принципі мен Галилей түрлендірулері классикалық механика негізін құрайтын абсолют кеңістік пен абсолют уақыт жайында көріністі бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет