Алматы энергетика


 Кешенді пайдалану жолдарын таңдау әдістері



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

6.3 Кешенді пайдалану жолдарын таңдау әдістері 
Кешенді экономикалық бағалау жеке ресурстар сияқты жиынтық рента 
бойынша анықталады. Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген 
қалдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім 
мен есептелген өнім шамасын салыстырады. 
Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді 
алуға мүмкіндік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады. Осы тиімді 
кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады. 


33 
Кешенді 
пайдалану 
нұсқаларының 
экономикалық 
тиімділігін 
анықтаудың түпкі мақсаты - халық шаруашылық қажетін шикізаттан 
алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл 
тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану нұсқасын анықтау өндірістің, 
қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған 
сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді нұсқасын таңдау әдісі 
өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды. 
Тиімді өндірістің ең басты белгісі - нақты және өткен еңбектің, табиғат 
ресурстарының үнемделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні 
табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады. 
Нұсқаларды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізу қажет болады, 
бірақ бұлай істеу қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды 
шикізатты пайдаланудың тиімді нұсқасын таңдау үшін әр кезде 
кәсіпорындарда, аймақ бойынша немесе республика көлемінде шикізаттан 
алынатын барлық өнімдердің баланстық есептеулерін жүргізіп, жағдайларды 
басқа нұсқалармен салыстыру қажет. 
Қазіргі кезде тиімді нұсқаларды таңдауда көп қолданылатын әдіс - 
келтірілген шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді нұсқаны таңдау белгісі 
шығынының ең азы. Бұл әдісті қолданудың басты шарты нұсқалар бір-бірімен 
салыстырылатын болуы немесе сол жағдайға келтірілуі керек. Нұсқаларды 
өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін «компенсация» (орынын толтыру) 
әдісі қолданылады. 
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану экономикалық тиіммен 
қатар экологиялық және әлеуметтік тиімдер береді.
Минералды шикізатты кешенді пайдаланудың нәтижесінде:
- одан алынатын өнімнің түрлері және мөлшері көбейеді; 
- қалпына келмейтін шикізат үнемделеді;
- табиғи ортаға зиянды әсерлер азаяды;
- табиғат қорғау шығындары үнемделеді. 
Өнімнің түрінің мөлшерінің көбеюі, шығындардың үнемделуі 
шикізаттың әр бір өлшемінен алынатын өнімнің құны арқылы ренталық 
табысқа кіреді. Сонымен қатар, қалпына келмейтін (сарқылатын) табиғат 
байлығының үнемделуі ерекше есептелуі қажет. Мысалы, шикізаттың 
тапшылығына байланысты арнаулы коэффиценттер қолдану, кенді барлауға 
жұмсалған 
шығындардың 
үнемделуін 
қоса 
есептеу 
және 
т.б. 
Минералдық шикізат қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын болса 
табиғи ортаны ластамайды, сауықтыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан 
өсімдіктердің, жануарлардың өсіміне, адамдардың денсаулығына зиян 
келмейді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, 
басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат 
ресурстары артады, т.б. 
Кешенді 
пайдаланудың 
мұндай 
нәтижелерінің 
біршамасын 
экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болады: нақты шығындар, 
болдырмаған шығындар немесе орын толтыру шығындары бойынша. 


34 
Әйткенмен, табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың толық нәтижелері 
нақты көрсеткіштермен есептеуге келмейді. Сондықтан кейбір нәтижелерді 
арнаулы 
әдістер 
қолданып 
есептеуге 
тура 
келеді. 
Табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімдігі оларды кешенді пайдалану 
мүмкіндігін арттырады. Мысалы, отын энергия, минералдық шикізат, су 
қорының бір аймақта орналасуы металлургия кенішін дамытудың негізі 
болады.
Минералды шикізат көздерінің бір аймақта топтасып орналасуы ортақ 
байыту фабрикасын, ортақ инфрақұрылымдар пайдалану арқылы оларды 
кешенді игеру тиімділігін арттырады, өндірісті орналастырудың тиімді түрі 
территориялық өндірістік кешендер (ТӨК) қалыптастыру мүмкіндігін 
туғызады. Қазақстанда осындай бірнеше ТӨК-ті атауға болады. Қарағанды - 
Теміртау көмір мен темір кендерінің аймақтық үйлесімділігін пайдалану 
негізінде құрылған. Жамбыл, Қаратау фосфорит кенін кешенді пайдалануға 
негізделген. Маңғыстау мұнай мен газды, Кенді Алтай түсті металлдарды, 
Екібастұз-Павлодар көмір мен энергия көздерін кешенді пайдалану 
мақсатында құрылған. 
Минералдық ресурстарды қорғау және оны орынды пайланудың келесі 
шарттарын орындаумен қорытындыланады:
- табиғаттағы барлық ресрустардың түрлері мемлекет меншігінде, 
сондай-ақ оларды болашақ ұрпақ үшін жер қойнауының байлығын сақтап, 
пайдалануды кешенді және жоспарлы түрде орындайды; 
- қоғамдық қажетті шығындардың ең азымен халық шаруашылығын 
минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, тау-кен өнеркәсіп 
өндірісінің қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерінің деңгейін төмендету 
үшін қалдықсыз және қалдығы аз үдемелі технологияны енгізу.
Бақылау сұрақтары: 
1)
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану дегеніміз не? 
2)
Табиғи 
ресрустарды 
тиімді 
басқарудың 
басты 
мақсатына 
тоқталыңыз. 
3)
Кешенді пайдалану көрсеткіштерін атаңыз. 
4)
Кешенді пайдалану жолдарын таңдау әдістері қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет