Алматы энергетика


 Өндірісті экологиялау мағынасы



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
eoiup 1

7.2 Өндірісті экологиялау мағынасы 
Өндірісті экологиялау деп – өндіріс және тұтыным қалдықтарын азайту 
арқылы өндірістің табиғатқа зиянды әсерлерін шектеуді болашақта 
болдырмауды айтады. Өндірісті экологиялау дәрежесі шығарылатын 
қалдықтар мөлшеріне, олардың зияндылығына тікелей байланысты. 
Сондықтан, қалдықтарды азайту, залалсыздандыру және ұқсату өндірісті 
экологиялаумен тікелей байланысты. 
Өндіріс қалдықтары – өндіріс үрдістерінде пайда болатын және өзіннің 
құндылығын толық немесе жартылай жоғалтқан шикізаттың, отынның, 
материалдардың, шала өнімдердің қалдықтары.
Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру.
«
Қалдықсыз 
технология
» 
дегеніміз – адам қажеттілігіне қажетті табиғи ресурстарды және 
энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны 
қорғауда ғылыми әдістерді және құралдарды тәжірибелік тұрғыда қолдану 
болып табылады.


37 
Қалдықсыз технологиялық жүйе
 
дегеніміз – бұл шаруашылық іс-
әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін бөлек 
өндіріс немесе өндірістер жиынтығы. Мысалы,
- бұйымның көп уақыт қызмет етуі;
- көп рет қолданылу мүмкіншілігі;
- жөндеу қарапайымдылығы;
- өндірістік циклға қайтып оралу жеңілдігі немесе қатардан шыққанан 
кейінгі экологиялық зиянды емес нысанға ауысуы.
Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты пайдаланудың 
негізгі заңдарына сай екі алғы шартқа сүйенеді:
- бастапқы табиғат ресурстарынан барлық мүмкін болатын өнімдер бір 
рет толық өндірілуі тиіс
- өндірілетін өнімдер қолданыстан кейін тіке бағыттар бойынша жеңіл 
түрде жаңа өндірістің бастапқы элементтеріне айналуы мүмкін.
Жалпы өндірістің қалдықсыз жұмыс істеу деңгейін кешенді түрде 
бағалау мыналарға негізделуі қажет:
- тек қалдықсыз деңгейін ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды 
пайдалану деңгейін есептеу;
- қарапайым материалдық балансқа негізделіп өндірісті бағалау, яғни 
соңғы өнімінің шикізаттар және жартылай фабрикаттарға қатынасын анықтау;
- қалдықсыз деңгейін әр өнім бірлігіне шаққандағы қалдық саны 
арқылы.
Энергетикалық 
шығындарды 
есептеу 
үшін 
қалдықсыздық 
коэффициентін ескере отырып өнімнің энергосыйымдылығын қарастыру 
қажет, тек осы жағдайда ғана қарастырылып отырған өндірістің қалдықсыз 
жұмыс істеуінің объективті көрсеткіштерін алуымыз мүмкін. Электроэнергия 
өндірісіндегі жылу энергия станцияларының қоршаған ортаны ластау ауқымы, 
өндірісті жаңарту арқылы қол жеткізген экологиялық басымдықтарды 
минимумға әкелуі мүмкін. Мысалы, түсті металлургияда қалдықсыздық 
деңгейін шикізатты кешенді қолдану коэффициенті арқылы білеміз (көп 
жағдайда 80% асады). Көмір өндіретін өндірісте осы коэффициент 75% - дан 
аспаса ол қалдықсыз болып саналады.
Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидалар.
 
Қалдықсыз 
өндірістерді құрудағы негзгі қағидаларға шикізатты кешенді пайдалану, 
түбегейлі жаңа және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, 
тұйықталған су және ғаз айналым циклондарын құру, кәсіпорындарды 
кооперациялау 
және 
аумақтық-өндірістік 
кешендер 
құру 
жатады. 
Қалдықтардың негізгі көздеріне жататындар:
- шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін өсы өндірісте 
қолданылмайтын компоненттері;
- үрдістің толық жүрмеуі;
- қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың 
пайда болуы.


38 
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылмаған 
санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрын қалдықта 
кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті 
металлургияда әрқашанда минералды шикізаттан алынатын элементтер саны 
өсіп отырады.
Табиғат ресурстары өңделу нәтижесінде өздерінің алғашқы (табиғи) 
қасиеттерінен айырылып табиғатқа сыйымсыз жат элементке айналады, оған 
зиян келтіреді.
Тұтыным қалдығы – белгілі бір себептерден тұтынуға жарамсыз болып 
қалған әртүрлі бұйымдар, заттар, материалдар, еңбек құралдары.
Өндірісте қайта пайдалануға болатын қалдықтарды қайтарымды ресурс 
деп аттайды.
Әдетте, өндіріс қалдықтарының түрі, мөлшері баланс әдісімен 
анықталады.
М
қ
= M
T.P
- M
T
және М
қ 
= m
1
+ m

+ iF, (7.1) 
мұнда: М
қ
– қалдықтар массасы; 
М
т.р
– өндіріске тартылған табиғи ресурстар массасы; 
М
Т
– тауарлы өнім құрамына кірген ресурс массасы; 
m
1
– өндіріс қалдықтары; 
m
2
– тұтыным қалдықтары; 
F – еңбек құралдарының құны; 
і – еңбек құралдарының тозуы, құнының бір өлшеміне 
есептелген қалдыққа шығарылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет