30
орман ресурстарына, таза ауаға т.б. мұқтаждықтарын өтеу үшін осы байлықты
ұтымды пайдалану және қорғау болып табылады.
Сонымен бірге, нақтылы объектілерді алғанда, негізгі мақсаты әртүрлі
болуы мүмкін. Мысалы, қазба байлықтарды пайдалану мен қорғау саласында
мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты –
пайдалы кендердің толық
өндірілуін қамтамасыз ету. Тіпті кейбір пайдалы кен орындарының
шаруашылық есеппен жабылуы жағдайында мемлекеттік басқарудың негізгі
мақсаты – олардың сақталуын көздейді.
Су ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты – суды пайдалануды
ғылыми тұрғыдан негіздеп, тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету, судың
ластануын, сарқылмауын қадағалау болып табылады. Хайуанаттар әлемін
қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелігі –
жабайы жануарлардың табиғи жағдайда сақталуымен байланысты. Орман
ресурстарын басқару – орманды дұрыс пайдалану, қорғау, күзету, өсіру.
Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық
қатынастарды дамытып жетілдіру үшін мемлекеттік
басқару органдары
құқыктық құралдарды кеңінен қолданады. Қазіргі заңға сәйкес табиғатты
пайдалану ережелерін бұзушылар қылмыстық, тәртіптік және материалдық
жауапкершілікке тартылады .
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар «Жер қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның бұзылуы
салдарынан келтірілген
шығынның орнын толтыруға міндетті. Лауазымды адамдар мен басқа да
қызметкерлердің жіберген қателіктерінен пайда болған шығын үшін
белгіленген тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады.
Басқару объектілеріне байланысты мемлекеттік басқарудың мынадай
түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) Атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік басқару.
2) Жердің қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару.
3) Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару.
4) Судың қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару.
5)Хайуанаттар әлемінің қорғалуын, өсуін және пайдаланылуын
мемлекеттік басқару.
6) Жер қойнауының қорғалуын және
пайдаланылуын мемлекеттік
басқару.
7) Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік басқарудың жоғарыда аталған барлық түрлерінің өз
объектілері бар және олар «өзіндік мәселелерді» шешуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: