25
зиянды - ұлттық табыстың ысырабы деп есептеуге, ал салалық деңгейдегіні -
таза өнім ысырабы, кәсіпорынның шаруашылық есеп деңгейіндегі пайданың
ысырабын экономиканың негізгі критерийі ретінде ұсынады.
Сонымен, экономикалық зиянды анықтау бойынша бірнеше бағыт бар,
атап айтқанда: өнім құнының ысырабы бойынша бағалау, өтемақыға орташа
және кадастрлік бағамен қосымша шығындар бойынша, таза өнімнің
ысырабы, ұлттық табыс пен дифференциалды рента бойынша тиісінше
қоршаған
ортаны
ластаудан
экономикалық
зиянды
анықтау
тұжырымдамасының ауылы алыстау. Соның өзінде жасалған әдістемеліктер
жоқ емес. Онда халық шаруашылығын қалыптастырудағы ысырапқа негіз
болатын қағидалар беріледі.
Ғылыми - техникалық үдеудің қазіргі деңгейіне байланысты қоршаған
ортаның
экологиялық
тазалығын,
өнеркәсіп
шығарындылары
мен
қалдықтарынан құтылуды толықтай қамтамасыз ете алмайды. Табиғат
ортасына түскен олар халық денсаулығына жағымсыз әсер етеді. Қоршаған
ортаның ластануын болдырмауға арналған шығындар мен ластанудың
салдарынан төленетін өтемақылар қажетті және өндіріс процесінде төленуге
тиісті.
Сонымен, ластанудың шығыны екі бөлімнен тұрады: табиғатты қорғау
шараларын жүзеге асыру шығыны мен экологиялық тепе-теңдіктің
бұзылуынан экономикалық зияны. Қазіргі кезде табиғатты қорғау шығындары
белгіленген дәрежеде экологиялық шығындардан есептелінеді. Ондағы
шығарылатын өнімнің өзіндік құнынан белгіленіп, баға арқылы орны
толтырылады.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін белгіленген төлем нормативтері мен
бағалау критерийін таңдау бойынша өрістеп отыр. Қосарланған
құрылымдарды ластау шығынының нәтижесінде табиғатты қорғау
шығындары мен экономикалық зияндар критерийі болды, экологиялық
шығын орнын толтыру көзі – пайда. Төлемдердің мөлшерлері табиғатты
қорғау шараларының және экономикалық зиянның орнын толтыруды
қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаның ластану салдарынан, яғни экономикалық
зиянның шамасына қарай экономикалық есепте тіркеледі.
«Зиянды экономикалық нормативті бағалау» мен «Нормативті
шығарынды
мен
тастандылар
үшін
төлем»
түсініктерінің
енуі
куәләндырғандай, қоршаған ортаның ластануы салдарынан бір бөліктің
келеңсіздігін қазіргі деңгейдегі өндіруші күні өте таза технологияның
болмауынан қашып құтыла алмайды деп мойындалды.
Достарыңызбен бөлісу: