Алматы энергетика


 Атмосфераны ластаушы көздер және оларды жіктеу



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

 
5.2 Атмосфераны ластаушы көздер және оларды жіктеу 
 
Атмосфераға зиянды заттектердің шығарындысы үшін төлем жүйесін 
енгізу, экологиялық шығындардың орнын толтыру мақсатымен жүзеге 
асырылады. Қаржыландыру көздерін тәртіпке келтіріп, атмосфераны 
қорғауды ынталандырып, несие беру керек. Аймақтағы жылдық төлемдердің 


26 
есеп 
айырысу 
сомасы 
мүмкін 
нормативті 
зиянды 
заттектердің 
шығарындылары қаржылық ресурстар мөлшеріне сай болуы қажет. Бұл 
мөлшер атмосфераны қорғау ісін және оның қалыпты пайдалану күйін қолдап 
тұру үшін қажет болады. Бұл жағдайда шығарындылар үшін төлемдерді 
экономикалық бағалау капиталдық салым мен аймақтағы атмосфераны 
қорғаудың ағымдағы жылдың шығынынан және затқа айналған негізгі 
атмосфераны қорғау корынан тұрады.
Жерді қоршаған ауа қабаты жердегі тіршілікке қажетті жағдай болып 
табылады. Ауа құрамындағы газдар өсімдіктердің өсуін, жануарлардың, 
адамның тіршілігін қамтамасыз етеді. Ауа өнеркәсіпте, байланыста, көлікте, 
т.б. кеңінен қолданылады. Ауа жерді ғарыштық денелерден қорғайды. Ауа 
климат қалыптастырушы фактор. Ауаның маңызды көрсеткіштері құрамы 
және тазалығы. Ауаның тазалығына оны ластаушы заттар әсер етеді. Ауаны 
ластаушыларды табиғи және антропогендік деп бөледі. 
Табиғи ластаушылар: жанартаулардың атқылауы, орман және жер 
өрттері, органикалық заттардың шіруі, жер қойнауынан шығатын газдар, 
ғарыш тозаңдары, радиоактивті ластаулар, т.б. 
Антропогендік 
ластаушылар 
адамның 
шаруашылық-өндірістік 
әрекеттерімен байланысты: 
1)
Өнеркәсіп: оның ішінде металлургия, электр энергетикасы, құрылыс 
металдар өнеркәсібі, химия және мұнай химиясы, машина жасау т.б. өнеркәсіп 
салалары. 
2)
Транспорт: автомобиль, әуе, теміржол, өзен-теңіз транспорты. 
3)
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жылыту орталықтары мен 
көздері, қоқыстардың шіруі мен өртенуі. 
4)
Ауылшаруашылық және өнеркәсіп кешендері мен олардан 
шығарылатын қалдықтар. 
Атмосфераны негізгі ластаушы заттар: отын жаққанда шығарылатын 
газдар мен қосындылар, автокөліктер шығарылымдары және өнеркәсіптен 
шығарылатын газдар мен химиялық элементтер, олардың қосындылары. 
Қазіргі кезде ауаны ластаушы 400 астам химиялық элементтер мен 
қосындылары белгілі. Сонымен қатар, атмосфераны жылулық, сәулелік, 
радиациялық, магниттік ластаулар болады. Атмосфераның тазалығын сақтау 
үшін ондағы ластаушы заттардың шекті шамалары, жол берілетін (рауалды) 
шығарылымдар нормаланады және бақыланады. 
Ауаның сапасына оған шығарылған заттардың өздігінен ыдырауы, 
таралуы немесе шоғырлануы әсер етеді. Жергілікті ауаның өздігінен тазару 
қабілетін ассимиляциялық потенциалы деп атайды. Ал ластану дәрежесін 
атмосфераның ластану индексімен өлшейді. Оның шамасына желдің 
жылдамдығы, бір жылдағы желді, тұманды, жауын-шышынды күндер, 
атмосфералық инверсия және турболенталық құбылыстар әсер етеді. Бұл 
көрсеткіштерді білу кәсіпорындарды орналастыруды жоспарлау үшін 
маңызды. 


27 
Атмосфераны ластау заттардың әсеріне масштабына, мерзіміне және 
түрлеріне байланысты жіктеулер қолданылады.
Әсер ету механизмі бойынша: нақты және жанама әсерлер.
Түрлері 
бойынша: 
натуралды, 
рухани-эстетикалық, 
әлеуметтік, 
экономикалық, құқықтық.
Уақыты бойынша: қазіргі кезде немесе болашақта.
Масштабы бойынша: энергетикалық, аймақтық, құрылыстық және ғаламдық 
болады. Экономикалық зиян нақты, потенциалды, мүмкін, жойылған және 
болдырмаған деп бөлінеді. 
Зиянды әсерлерге байланысты әрекеттер: 
- зиянды ластаушыларды ауаға шығармау; 
- ластаулардың әсерінен қорғану; 
- ластау салдарын жою; 
- зиянның алдын алу, болдырмау. 
Атмосфера қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады: 
1)
Техниқалық тазалық шаралар. 
2)
Технологиялық шаралар. 
3)
Ұйымдастыру шаралары. 
4)
Тыйым салу, бақылау шаралары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет