Алматы энергетика


 дәріс. Су қорын қорғау және ұтымды пайдалану



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

4 дәріс. Су қорын қорғау және ұтымды пайдалану 
 
Дәрістің мақсаты:
 
cу қорын қорғау және ұтымды пайдалану
әдістемесін таныстыру. 
Дәрістің мазмұны: 
1) ҚР су ресурстары туралы жалпы түсінік. 
2) ҚР су ресурстарын қорғау шаралары және ұтымды пайдалану. 
4.1 ҚР су ресурстары туралы жалпы түсінік 
ҚР су ресурстары жер бетіндегі өзен, көл суларынан, жер асты 
суларымен мұздықтардан және атмосфералық жауын-шашыннан құралады. 
Су кодексі бойынша су пайдаланудың екі түрі: тұтыну және пайдалану 
қарастырылады. Суды тұтыну – қажетті құрылыстар салып, су көздерінен 
суды бөліп алып пайдалану (балық шаруашылығында, гидроэнергетика, сумен 
тасымалдау т.б.) заңдармен жалпы және арнайы су пайдалану тегін, ал арнайы 
пайдалану төлемді. Елімізде тұтынылатын судың 70-72

астамы ауыл 
шаруашылығында, 20-24

өндірісте, 4-6

ауыз су мен шаруашылық 
қажеттерге пайдаланылады. 
Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың 
бұл түрі мыналарға арналған:


20 

адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік 
қажеттіліктерін өтеуге; 
- өндірістік, шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар мен 
құралдарды суыту, өсімдіктерді суару); 
- гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға; 
- өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге 
(электр энергиясын өндіру).
Су биосфераның барлық қабатында болады; дәлірек айтқанда, ол тек су 
қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар оны ауадан да, топырақтан да 
және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз.
Су атмосферада 10 күнде, ал ағынды өзендерде 12-16 тәулікте жаңарып 
(жаңғырып) отырады. Жер бетіндегі су негізінен теңіз бетінен және 
өсімдіктерден судың булануы нәтижесінде атмосфераға көтерілетін су буынан 
пайда болатын жауын-шашын түрінде қалыптасады. Оның бір бөлігі 
өсімдіктер мен хайуанаттар арқылы тікелей және жанама түрде қайтадан 
буланады, ал ендігі бір бөлігі жер асты суларын байытса, қалған бөлігі өзен 
арналарымен теңіздерге барып қосылады да қайта буланады. Жаңғыртылған 
су ресурсына құрлық пен мұхиттың су алмасу, жердегі судың айналым 
процесінде жыл сайын жаңғыртылатын су жатады. Су әлемдік мұхиттың бет 
жағынан күн энергиясын жатқызуға болады. Су әлемдік мұхиттың бет 
жағынан күн энергиясының әсерімен булану арқылы атмосфераға енеді әрі 
атмосфералық жауын-шашын түрінде оралады. Буланған судың бір бөлігі ауа 
ағымымен құрлыққа келіп, жауын-шашын түрінде жерге түседі де құрғақтағы 
суды, өзенді, көлді, жер асты суын, мұздақты қалыптастырушы негізгі көзге 
айналады.
Суды пайдалану жалпы пайдалану және арнайы пайдалану деп бөлінеді.
Жалпы суды пайдалануға халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, малды 
суғару, шомылу, су туризмі және т.б. кіреді. Ол негізгі су заңына сәйкес 
белгіленген тәртіп бойынша тегін жүзеге асырылады. 
 
Арнайы суды пайдалану – әртүрлі халық шаруашылығының 
объектілерін қамтиды. Мұның жалпы суды пайдаланудан айырмашылығы -
объектілер суды пайдалану үшін мемлекеттік органдардың рұхсатын алуы 
керек әрі су ресурстарын пайдаланғаны үшін көптеген жағдайларда ақы 
төлейді.
Су ресурстарын пайдаланудың екі түрі бөліп көрсетілді: суды пайдалану 
және суды тұтыну.
Суды пайдалануда су қоймасынан (өзен, көл және т.б.) алынбайды және 
жұмсалмайды да, тек белгілі бір функцияны орындау үшін пайдаланылады. 
Суды пайдаланушыларға гидроэнергия, су көлігі, балық шаруашылығы, сал 
ағызу және т.б. жатады.
Суды тұтынуда су су объектілерінен алынады. Оның бір бөлігі мүлдем 
жоғалады (мысалы, буланады), ендігі бір бөлігі өнім өндірісі және т.б. үшін 
ауыл шаруашылығына, өндіріске жұмсалады. Оның үстіне, суды тұтынуда 
өзендер мен көлдерге құятын судың сапасы ластанудың нәтижесінде күрт 


21 
төмендеп кетеді. Суды пайдалану мен суды тұтыну ұғымдарының арасына 
нақты шекара қою қиын болғандықтан су ресурстарын кешенді пайдалануда 
бұл терминдер суды пайдалану дейтін жалпы атаумен аталатын болды. 
Пайдаланылатын судың сапасы мен оған деген қажеттілік суды пайдаланудың 
түрлеріне қарай болады. Судың тұрақты түрде пайдаланылуы үзіліссіз жұмыс 
істейтін жылу өнеркәсіп кәсіпорындарын қажет етеді. Суарылатын жер судың 
мол мөлшерін өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі ішінде қажет етсе, су көлігі мен 
сал ағызу-навигация кезеңінде, балық шаруашылығы – балықтың уылдырық 
шашу уақытында қажет етеді. Ағынды су өндіріс қалдықтарын (ерітілген 
немесе өлшенген органикалық және бейорганикалық заттардың жүздеген 
түрін) ағызады. Бұл жағдайда су ресурстарының сапа жағынан таусылуы су 
мөлшерінің кемуіне әкеп соқтырады.
Бұл мәселені шешу үшін мыналар енгізіледі: 
-аз ғана су мөлшерін қажет ететін технологиялық аппараттарды 
пайдалануды ұйғаратын суды үнемдеуші технологиялық процесс; 
-ағынды суды тазалаудың жаңа тиімді әдістері; 
-құнды компоненттерді және қалдықтарды пайдалануға арналған 
құралды ұйғаратын су шаруашылығының жабық жүйесі.
Қолда бар су ресурстарын ұлғайтудың дәстүрлі емес әдістеріне мыналар 
кіреді:
-жауын – шашынды жасанды жолмен жаудыру; 
-суармалы жерді минералданған сумен суару, ащы су қоймаларында 
пайда болған мұздан тұщы етіп алынған тұщы судың орнына өнеркәсіптің 
әртүрлі мақсаты үшін ащы суды пайдалану; 
-судың булануын, оның ішінде, су жиналатын алаңдардағы өсімдік 
жамылғысының құрамын өзгерту арқылы және су ресурстарының 
тапшылығын азайтуға мүмкіндік беретін бас да белгілі әдістермен кеміту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет