13
- дисконттау коэффициенті тұрақты шама деп қарастырылады.
2 сурет-Жалпы экономикалық құндылық
Ренталық теория бойынша табиғат ресурсы оны пайдаланудан
алынатын тиімнің мөлшерімен бағаланады. Дифференциялдық рента шамасын
есептеу үшін нақты ресурсқа қоғамдық қажетті ең жоғарғы (шеткі) шығын
мен нақты шығын (нормалы пайдамен бірге) салыстырылады.
R = Z – S, (2.6)
мұнда R – дифференциалды рента;
Z – шеткі шығын;
S – дербес шығын (нормалы пайда қоса есептелген).
Рентаны есептеудің бірнеше жолдары бар. Олар: нарықтық (әлемдік)
баға мен жеке өндіріс бағаларын салыстырып,
қоғамдық қажетті шығын мен
дербес шығынды салыстырып және шикізаттық өнімнің бағасынан дербес
шығынды және нормалы пайданы шегеріп.
Табиғат ресурстарын экномикалық бағалаудың екі түрі: абсолютті және
салыстырмалы бағалаулар ажыратылады. Абсолютті бағалаудың өзі екіге:
ағымдағы және ұзақ мерзімдік бағалауларға бөлінеді. Ағымдағы бағалау
жылдық рента мөлшерімен анықталады:
R = (Z – S)Q, (2.7)
мұнда Q – бір жылда пайдаланатын ресурс немесе одан өндірілетін өнім
мөлшері.
Ұзақ мерзімдік абсолютті экономикалық бағалау үшін табиғат ресурсы
пайдаланылатын барлық жылдардағы жиынтық
рентаны есептеу қажет
болады. Жиынтық рента уақыт факторын ескеріп дисконттау арқылы
анықталады. Оның мағынасы әр жылдары алынатын ренталардың қазіргі
Жалпы экономикалық құндылық
Пайдалану құндылығы
Тікелей
пайда
Жанама
пайда
Мүмкін
пайда
Пайдаланбау
құндылығы
Тіршілік құндылығы
«Төлеу ынтасы»
Нақты
игіліктер
Табиғат
қызметтері
1 және 2
болашақта
пайдалану
14
құндылығын анықтау. Рента (тиім) неғұрлым тезірек алынса,
соғұрлым
құндырақ болады.
(
)
∑
=
+
=
T
1
t
t
íï
t
t
E
1
S
Z
R
, (2.8)
мұнда Z
t
– t жылғы шеткі шығын, өндірілетін құндылық;
S
t
– t жылғы дербес шығын;
(1 + Е
нп
)
t
– дисконттау коэффициенті;
Е
нп
– дисконттау нормасы, әдетте сарқылатын ресурсатар үшін 0,08,
сарқылмайтындарға 0,02;
t = 1, 2, 3 ... Т – табиғат ресурсын пайдалану жылдары.
Салыстырмалы экономикалық бағалау келтірілген шығындар төмендегі
формуламен жүзеге асырылады:
U + Е
н
К
min, (2.9)
мұнда U – ағымдағы шығындар;
К – бір мерзімдік күрделі қаржы;
Е
н
– күрделі қаржының тиімділік нормасы.
Бірдей нәтижеге қол жеткізетін нұсқалардың қайсысында келтірілген
шығындар аз болса, сол нұсқа тиімді деп есептеледі.
Абсолютті
бағалаулардағы сияқты мұнда құндылық мөлшері анықталмайды, тек қана
толық шығындар есептеледі.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау екі негізгі қызметті
атқарады:
Бірінші, есептеу – табиғат
ресурстары ұлттық байлық, өндірістің
материалдық ресурсы, қоғамдық еңбекті үнемдеу факторы, тіршілік ортасы
ретінде бағаланады.
Екінші, ынталандыру – бағалау арқылы табиғатты қорғау және ұтымды
пайдалану ынталандырылады.
Бақылау сұрақтары:
1) Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау не үшін қажет?
2) Экономикалық бағалаудың негізгі теориялары мен әдістері.
3) Экономикалық бағалау әдістерінің негізгі кемшіліктерін атаңыз.
4) Экономикалық бағалаудың атқаратын қызметі.
5) Салыстырмалы экономикалық бағалау.