16
қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа
территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының және қалалардың дамуы
пайдалы жердің көбісін кәсіпорындардың, су электр станцияларының, кен
өнеркәсіптері
объектілерінің, көлік коммуникациясының, тұрғын үй
массивтерінің және т.б. иеленуіне алып келді. Сонымен бірге жердің көп
бөлігінің су және жел эрозиясына ұшырауы, сай - салалардың, қуаңшылықтың
пайда болуы, жердің сортаңдануы, батпаққа айналуы жер ресурстарының
кемуіне және олардың құнарлылығынан айырылуына әкеп соқтырады.
Жер жағдайының нашарлауы ауыл
шаруашылық жұмыстарының
қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал
етіп отыр. Ауыл шаруашылығында қуатты машиналарды, тыңайтқыштар мен
улы химикаттарды пайдалану күннен-күнге артып келеді, оның үстіне
аграрлық техниканың күрделі құрылымы да жер жағдайын қиындатады.
Осылардың салдарынан жерге шектен тыс салмақ түсіп отыр.
Жер басты байлық, жердегі тіршілік ортасы.
Жер еңбек заты, еңбек
құралы, өндірісті орналастыру орны болып табылады. Жердің аса маңызды
қасиеті ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге топырағының құнарлылығы.
Топырақтың құнарлылығы бонитет балдарымен және өлшемдес өнімділік
көрсеткіштерімен бағаланады. Бонитет балы – топырақтың сапалық
көрсеткіштерінің сандық өлшемі. Сапалық көрсеткіштеріне қарашірік қабаты,
органикалық
және минералдық құрамы, құрылымы, түйіршіктенуі, ауа, су,
өткізгіштігі, жалпы өсімдіктер өсуіне қолайлы жағдайлары жатады.
«Өлшемдес өнімділік» өнімділігі мен сол өнімдерді алуға жұмсалатын
шығындар қатынасымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: