Алматы энергетика


 Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау түрлері



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

 
2.2 Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау түрлері
Табиғатты қорғау экономикасында көптеген жалпы экономикалық 
көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішінде: баға, өзіндік құн, пайда, табыс, 
тиім, тиімділік, пайда нормасы немесе нормалы пайда, дисконттау, 
экономикалық зиян, зиянның орнын толтыру (компенсация), ресурсты 
қалпына келтіру шығыны т.с.с. 
Баға – тауардың (қызметтің) құнының ақшалай шамасы. Өндірістік, 
өнеркәсіптік, 
ауыл 
шаруашылық, 
қызмет 
көрсету, 
өндірушінің, 
тұтынушының, кадастрлық көтерме сауда, бөлшек сауда, нарықтық бағалар 
ажыратылады. Сондай-ақ, әлемдік, мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтық 
жергілікті болжамдық, жоспарлы, нақты, сметалық т.с.с. бағалар блады. 
Өнімнің (қызметтің) өзіндік құны - өнімді өндіруге, қызмет көрсетуге, 
табиғатты қорғауға жұмсалатын шығындардың ақшалай өлшемі. 
Құн – тауардың құны оған жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбек 
шамасымен анықталады. 
Табыс – өнімді өндіру, қызмет көрсету, табиғатты қорғау нәтижесінде 
түсетін ақша немесе материалдық игіліктер. 
Пайда – табыстың жұмсалған шығыннан артық шамасы. Жеке өнімнен 
(қызметтен) түсетін пайданы, оның бағасынан өзіндік құнын игеріп 
анықтайды. 
Тиім – нәтиже мен шығынның айырмасы. Тиім тек қана ақшалай 
экономикалық емес, әлеуметтік, экономикалық, саяси т.с.с. болуы мүмкін. 
Тиімділік – тиімнің, пайданың, соған қол жеткізуге жұмсаған шығынға 
қатынасы, кең мағынада тиімділік атқарған жұмыстың пайдалылығын сандық 
және сапалық көрсеткіштермен білдіретін ұғым. Жалпы шаруашылық 
әрекеттердің, оның ішінде табиғатты қорғау шараларының пайдалылығын 
білдіреді. Нәтиже мен шығын салыстырылатын болғандықтан экономикалық 
тиімділік коэффициентпен немесе пайыз шамасы бойынша өлшенеді. 
Жұмсалған шығындардың, күрделі қоржынның, инвестицияның қайтарылу 
мерзіміне кері көрсеткіш болып табылады. 
Күрделі қаржының қайтарылу мерзімі – жұмсалған инвестицияның 
пайда есебінен қанша уақытта қайтарылатынын көрсетеді. Тиімділікке кері 
шама. Оны анықтау үшін
 
жұмсалған күрделі қаржы, инвестиция шамасын, 
жылдық пайда, тиім шамасына бөледі. 
Экологиялық зиян – шаруашылық т.б. әрекеттердің (әсерлердің) 
салдарынан табиғи ортаға (табиғат ресурстарына) келтірілген зардаптардың 
ақшалай өлшемі. 
Дисконтталған ақша түсімі – белгілі уақытқа келтірілген табыстар мен 
шығындар. Оны талдаудың екі әдісі бар: қазіргі таза құндылық (NPV) және 
пайданың ішкі нормасы (JRR). Алғашқы әдіс болашақ ақша түсімінің қазіргі 
құндылығын таңдап алынған дисконт коэффициенті бойынша анықтауға 


12 
негізделген. Соңғысы – ақша түсімінің қазіргі құны жұмсалатын қаржыға 
теңестіретін дисконтау коэффициентін анықтау. 
Ақшаның қазіргі құндылығы – уақыт өткен сайын ақшаның 
құнсыздануын есептеу, жұмсалатын қаржының (инвестицияның) пайда 
әкелетін аралыққа дейінгі уақыттың бағасы. Бұл түсінік бойынша ақша іске 
жұмсалу керек, іске жұмсалмаған ақша құнсызданады. 
Қазіргі таза құндылық (NPV) – инвестиция шамасын есептеу әдісі. 
Мұнда болашақ ақшалай түсім (пайда), ақшалай шығын (күрделі қаржы) 
капиталдық қайтарымын қамтамасыз ететін дисконт коэффициентімен 
есептеледі. Егер NPV оң мағынаға ие болса, қаржы жұмсауға болады деп 
есептеледі. 
Дисконт коэффициенті – болашақ ақша түсімінің (шығынның) қазіргі 
құндылығын есептеу үшін қолданылатын коэффициент (пайыз), ақшаның 
қазіргі құндылығын бағалау белгісі. 
Пайданың ішкі нормасы (JRR) – болашақ ақша түсімінің қазіргі 
құндылығы жұмсалатын қаржы тең болатын жағдайға сәйкес пайда нормасы 
(пайызы). Соған сәйкес дисконт ставкасы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет