Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

3.3
 
Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістері 
 
Жер ресурстары жер рентасы шамасымен экономикалық бағаланады. 
Жер ресурсын экономикалық бағалау ерекшеліктері, оның ерекше 
қасиеттерімен байланысты болады. Экономикалық бағалау жердің қоғамдық 
құндылығын анықтау болып табылады. Жер өндіріс күші, орналасу орны, 
тіршілік ортасы және экологиялық құндылық ретінде бағаланады.
Соған байланысты тек дифференциалды рента ғана емес, абсолютті 
және экологиялық ренталар ескерілуі тиіс. Дифференциялды рента 
салыстырмалы өнімділігі, құндылығы негізінде туындайды. Абсолютті рента 
жер шектеулігіне байланысты, ол экологиялық рента жер төлемдерінің 
орналасу мен экологиялық жағдайларынан туындайды. Толық жер рентасы: 


18 
R = R
диф
+ R
абс
+ R
жол
., (3.1) 
мұнда R – дифференциалды, абсолютті, экологиялық ренталар. 
Ауылшаруашылығында ренталық төлемдерді анықтау әдістемесі 
бойынша дифференциалды рентаны өнімдердің сатылу бағасы мен жеке 
өндіру бағаларының айырмасымен есептеу ұсынылады. Ал абсолютті рента 
бағаның құрамында ескеріледі. 
Макроэкономикалық деңгейде рента қоғамдық өндірісте алынған 
қосымша құнның, ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырып келесі 
формуламен анықталады: 
j
нп
j
K
SE
jm
R

,
(3.2) 
мұнда R
j
– аймақтағы жердің рентамен бағалануы;
S – аймақтық бағаланатын жер қоры; 
J – жердің ұлттық табыстың өніміне қосқан үлесін көрсететін 
коэффициент; 
m – жылдық ұлттық табыс өсімі, қоғамдық өндірістен алынған 
қосымша өнім;
K

– аймақтағы жерді орташа бонитет балы бойынша саралау 
коэффициенті. 
Ауылшаруашылық жер телімін бағалау үшін ең алғаш онда өсірілетін 
өнімдерден алынатын орташа рента, одан кейін 1 га алынатын рента 
есептеледі. Осындай рента ұдайы үздіксіз алынып отырады деп есептеп ұзақ 
мерзімдегі ренталар есептеледі. 
3 сурет – Экономикалық өнімділіктің тұтыну құндылықтары 
Жердің тұтыну құндылығы мен экономикалық өнімділігі тікелей 
байланысты, бірақ ерекшеліктері де бар. Егер экономикалық өнімділік жер 
мен оған жұмсалған еңбектің өнімділігі арқылы көретін болса, тұтыну 
құндылығы онымен қоса еңбек ету және тіршілік ортасы құндылығын 
Жердің өнімділігі 
Табиғи өнімділігі 
Еңбек өнімділігі 
Жасанды 
өнімділіктің 
Экономикалық өнімділіктің 
Тұтыну құндылықтары 
Экономикалық 
құндылық 
Экологиялық 
құндылық 
Әлеуметтік 
құндылық 
Жер негізгі өндіріс құралы 


19 
қамтиды. Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның экономикалық, 
экологиялық және әлеуметтік құндылықтарын анықтау болып табылады. 
Жердің өнімділігі мен топырақтың құнарлығы (бонитеті) тура 
пропорционалды шамалар. Сондықтан ауыл шаруашылық жерлерін 
экономикалық бағалауда өнімділік орнына бонитет балының көрсеткішін 
қолдануға болады және жерді табиғи қасиеттеріне сәйкес нақтырақ бағалауға 
мүмкіндік туады. Өйткені, өнімділік шамасына топырақтың сапасынан басқа 
көптеген табиғи және еңбек факторлары әсер етеді. 
Жердің тұтыну құндылығымен қатар қалпына келтіру құнын анықтау да 
маңызды. Қалпына келтіру құны, әдетте, жұмсалатын потенциалды 
шығындармен анықталады. 
Ауыл шаруашылығындағы мақсаттардан басқа жерлер тұтыну 
құндылықтарына сәйкес бағаланады. Мұнда жерге сұраныс, әлеуметтік, 
экологиялық, жағдайлары бағалау шамасына әсер етеді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Жер ресурсын қорғау шаралары. 
2) «Өлшемдес өнімділік» не? 
3) Топырақтың бонитет балы қандай көрсеткіш? 
4) Жер рентасы қалай анықталады? 
5) Жерді қалпына келтіру құны қалай анықталады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет