1 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары



Дата21.02.2023
өлшемі16,11 Kb.
#169577
Байланысты:
1 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары
кл час (2), 11 Ñ Ð°Ò Ñ Ñ Ñ Ð¿, 7 , дәріс 1, дәріс 1, ШОТ Жоспары, Otchet primer IS, 18 ВТ-3, Access практика, Экстремистік, террористік әрекеттерден, Критерий оценки, КС тема 4, 31 сабақ, план 1 март

1 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары
Қағида- бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретінде одан келешекте шығатын барлық тұжырымдамаларды анықтайтын негізгі бастапқы және базалық ережесі.
Есептеу қағидасы. Қаржылық есептіліктер есептеу қағидасының негізінде құрылады,өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кезеңде, ал шығындар табыстар алу үшін пайдаланылған кездегі есептік кезеңде көрсетіледі.Есептеу қағидасына сәйкес қандай да бір жанама түрде байланысты шаруашылық әрекеттер мен оқиғалардың нәтежиесінде есептік кезеңде алынатын табыстар мен шығындарды сәйкестікке келтіру үшін есептеу мерзімін шегеру және тарту рәсімдерін пайдалану қажет болып болып табылады.
Үздіксіздік қызмет қағидасы. Шаруашылық субьектісі өз қызметін белгіленбеген уакыт аралығында жағастыра береді және жақын арада оның таратылуы күтілмейді.


2. Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.

Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.

Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.

Шоттар жүйесі және екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.

Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады.
Екі жақты жазу– бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі шотта жазылады.

Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.

Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.

Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.

Ақшалай, еңбек, табиғи өлшеуіштерде берілетін мұліктердің біртекті топтамасы, олардың счеттарда жазылуы және бағалануы бухгалтерлік есеп жүйесін құрайды.
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі есеп принциптеріне сай, объективті, дұрыс та нақты мәліметтерді қолдану арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған.
Қазіргі өркениетті нарық капиталдық, товардың жұмыс күшінің еркін қозғалысын қалайды. Елімізге шетел инвестицияларын тарту бухгалтерлік есеп ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет