Алматы мемлекеттік



бет7/15
Дата11.12.2021
өлшемі186,45 Kb.
#79047
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ашық сабақ-28.05.19

Атом ядросының массасы. Атом ядросының физикалық қасиеттері оның зарядымен қатар массасымен де анықталады. Ядроны сипаттайтын шамалардың ең маңыздыларының бірі — масса. Ядролық физикаиондар мен атом ядросының массасын көбінесе масс-спектрографтың көмегімен анықтайды. 8.2-суретте масс-спектрографтың сұлбасы келтірілген. Зерттелетін заттың атомдары иондық көзде (ИК) оң иондалып, әлсіз электр өрісінің әсерінен диафрагма арқылы әр түрлі жылдамдықпен өтеді. және диафрагмалары арасында оң иондар электр өрісінде үдемелі қозғалады. Және осы мезетте оң иондарға индукциясы болатын магнит өрісі де әсер етеді. Осылайша үдетілген оң иондар, оған бір-біріне перпендикуляр бағытталып әсер ететін электр және магнит өрістері арқылы сұрыпталып өтеді. диафрагма арқылы бұрылмай өтуі үшін немесе шарты орындалуы керек. Бұл теңдеуден жылдамдықты анықтайық:

Осы жылдамдыққа ие болған оң иондар біртекті магнит өрісінде орналасқан ВК вакуумдік камераға өтеді. Магнит өрісінің индукция векторы иондардың жылдамдық векторына перпендикуляр орналаскан. Магнит өрісінде козғалған оң иондарға модулі болатын Лоренц күші әрекет етеді. Иондар осы күштің әрекетінен шеңбер бойымен қозғалады. Жартылай шеңбер сыза отырып, массалары бірдей иондар ФП фотопластинаның түрлі орындарында тіркеледі.



немесе болғандықтан, ионның массасын

өнергі бойынша жоғары дәлдікпен анықтайды. Атом ядросының массасын әрпімен белгілеу қабылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет