Атом ядросының пішіні мен өлшемі.Көптеген эксперименттік зерттеулер атом ядросының пішіні сфера тәрізді болатынын көрсетті. Атом ядросының радиусын мына формула бойынша жуықтап анықтауға болады:
мұндағы Р0 = 1,25 = 1,25 · 10-15 м, А — массалық сан. Ал ядроның радиусы оның массалық санының кубтық түбіріне пропорционалдығынан ядролық заттың орташа тығыздығы үшін
шығады, мұндағы Мя = (мр + мн) · А — ядроның массасы. Есептеулер жуықтап алғанда ядролық заттың орташа тығыздығы р ~ 2,7 · 1017 кг/м3 - екенін көрсетті. Заттың осындай тығыздығы ғарыштағы нейтрондық жұлдыздар-пульсарларға да тән көрінеді.
Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Атом ядросының жасанды айналуы.
Атом ядросы ашылғаннан кейін оның құрылымы қандай деген мәселе қойылды. 1919 ж. Э. Резерфорд α-бөлшектермен жасаған тәжірибелерін жалғастыра отырып, ядроның құрамына кіретін бірінші бөлшекті ашты.
Жабық ыдыс ішінде α-бөлшекті шығарушы элемент Ра радий және мырыш сульфидімен қапталған мөлдір Э экран бар (8.3-сурет). Жабық ыдыстан ауа сорылып шығарылған. α-бөлшектер экранға соқтығысып, жарқылдар туғызған. Ол жарқылдарды Ммикроскоп арқылы бақылаған. Келесі экспериментте ыдысты азот газымен толтырады. Енді а-бөлшектер өзінің энергиясыназоттың атомдарын иондауға және оларды қоздыруға жұмсап, экранға жете алмайды. Дегенмен, сирек болса да, экранда жарқылдар байқалған. Иондану кезінде пайда болатын электрондар ондай жарқылдарды туғыза алмайды. Ендеше α-бөлшек азот атомымен соқтығысқанда оның ядросынан белгісіз бір зарядталған бөлшекті ұшырып шығарған.
Магнит және электр өрістерінің осы белгісіз бөлшектерге әсерлерін зерттеу нәтижелері, оның оң электр заряды бар бөлшек екенін көрсетті және осы бөлшектің массасы сутегі атомы ядросының массасына тең болып шыққан. Осы тәжірибе басқа заттармен - фтор, натрий, бор, алюминий және т.с.с. қайталанды. Оларды α-бөлшектермен аткылағанда, әр кезде сутегі атомның ядросы ұшып шығады. Бұл, ядро құрамына сутегі атомы ядросының кіретінін дәлелдейді. Осы сутегі атомының ядросы протон деп аталды.
Протон оң зарядталған және заряды электронның элементар зарядына (е = 1,6 · 10-19Кл) тең. Протонның массасы
Достарыңызбен бөлісу: |