Нейтрон символы арқылы белгіленеді, электр заряды жоқ, ал салыстырмалы атомдық массасы бірге жуық. Мына жағдайды айта кету керек, нейтронның массасы протонның массасынан 2,5 электрон массасына артық. Ұзақ уакыт бойы ауада да, жерде де нейтрон еркін күйінде кездеспеген. Тек 1950 жылы ғана осы құбылыстың сыры ашылды. Нейтрон — тұрақты бөлшек емес. Ядродан бөлініп шыққан нейтрон, 14 минуттай уақыт аралығында протонға, электрон және тыныштық массасы жоқ бөлшек — антинейтриноға өздігінен ыдырайды.
Атом ядросының құрамы.1932 жылы нейтрон ашылғаннан соң, орыс ғалымы Д.Д. Иваненко мен неміс ғалымы В. Гейзенберг ядроның протон-нейтрондың моделі туралы болжам ұсынды. Қазіргі кезде атом ядросының протон-нейтрондық құрамы зерттеулер негізінде дәлелденген және ғылыми қабылданған даусыз ақиқат болып табылады. Қалыпты жағдайда атом электрлік бейтарап болатындықтан протонның заряды модулі бойынша электронның зарядына тең, яғни ядродағы протондардың саны атом қабықшасындағы электрондардың санына тең. Олай болса, протондар саны зарядтық санға (З) тең болуы керек. Ядроның құрамына кіретін оң зарядты протон мен электрлік бейтарап нейтрондардың жалпы санын нуклондар деп атауға келісілген. Ядродағы нуклондардың жалпы саны А массалық сан деп аталады:
Осы өрнектен ядроның құрамына кіретін нейтрондар санын анықтауға болады:
Ядроның құрамын сипаттау үшін, оның Менделеев кестесіндегі атомдық нөмірі З пен массалық сан А қолданылады. Атомдағы электрондардың массасы ядро массасына қарағанда ескермеуге болатындай анағұрлым аз. Сондықтан атом ядросының массалық саны А бүтін санға дейін жуық дәлдікпен алынған химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасына тең. Атомдық реттік нөмірі З, ал массалық саны А болатын химиялық элементтің ядросын деп белгілейді.
Протонды , ал нейтронды түрінде белгілейді. Протон сутегі атомыныңядросы болғандықтан, оны кейде деп те белгілеуге болады. Атом ядросы деген терминнің орнына оның баламасы ретінде нуклидтер деген термин де кеңінен қолданылады.[1]
Изотоптар. Атом ядроларының массаларын дәл өлшеу химиялық элементтердің басым көпшілігінде зарядтық сандары бірдей, бірақ массалары әр түрлі атомдардың бар екенін көрсетті.