Ядролық физикадағы өлшем бірліктер.Өлшем бірліктерінің Халықаралык жүйесіндегі қолданылатын ұзындықтың, массаның және т.б. өздеріңе таныс өлшем бірліктерімен қатар, ядролық физикада арнайы бірліктер қолданылады. Бұл қажеттілік ядролық процестердің субатомдық әлемде өтетінінен туындайды.
Мысалы, ядролық физикадағы ең үлкен қашықтық атом радиусының өзі 10-10 м-ге тең. Ұзындық бірлігі ретінде ферми алынады: 1фм = 10-15 м. Массаның бірлігі ретінде көміртегі атомы массасының бөлігі алынады, ол массаның атомдық бірлігі болып табылады:
1 м.а.б.=1,660546 · 10-27 кг, 1 кг=6,023091 · 1026 м.а.б.
Салыстырмалы атомдық масса атомның абсолюттік массасында неше массаның атомдық бірлігі бар екенін көрсетеді. Мысалы, сутегі үшін Ар= 1,00783, көміртегі үшін Ар = 12,0 , оттегі үшін Ар = 15,99482.
Ядролық физикада энергияныэлектронвольтпен өлшейді, 1 эВ = 1,6 · 10-19 Дж.
Еселік мәндер де қолданылады: 1 кэВ =103 эВ; 1 МэВ =106 эВ;1 ГэВ =109 эВ.
Көбінесе элементар бөлшектердің массаларын массаның атомдық бірлігімен қатар энергияның өлшем бірлігі МэВ немесе ГэВ-пен де өлшейді. Сондықтан массаның атомдық бірлігіне сәйкес болатын энергияның эквивалентін анықтайық. Масса мен энергияның өзара байланыста болатыны Эйнштейннің формуласынан белгілі.
Атомдағы электрондар массасы ядроның массасымен салыстырғанда өте аз, оны ескермеуге болады. Сондықтан массаның атомдық бірлігімен алынған және атом массасына ең жақын бүтін санды массалық сан деп атайды. Оны әрпімен белгілейді. Ол жоғары дәлдікті қажет етпейтін есептеулерде, әсіресе массалардың қатынасы кіретін өрнектерде ядро массасының шамасы ретінде қолданылады. Мысалы, гелий атомының массасы МҺе = 4,0026 м.а.б. болса, массалық саны А = 4 болады.
Достарыңызбен бөлісу: |