Қысқа тест математикалық сауаттылық есептері
Әдісі: жұптық жұмыс, талқылау, толықтыру.
1. Қазір әкесі 32 жаста, баласы 5 жаста болса неше жыл бұрын әкесі баласынан 10 есе үлкен болды?
А) 3; В) 4; С) 2; Д) 5; Е) 8.
2. Түзу бойында арақашықтығы 5 мм-ге тең 25 нүкте берілген. Екі шеткі нүктелердің арақашықтығы неше сантиметр?
А) 14см; В) 75 мм; С)12 см;
Д) 120см; Е)125мм.
3. Тік төртбұрыш пішінді су қоймасының ұзындығы 45 м, ені 38 м. Оның жиегінен 2 м қашықтықта қоршау жүргізілді. Қоршаудың ұзындығы неше метр?
А) 130 м; В) 140 м; С) 160 м;
Д) 182 м; Е) 148м.
4. Ұл баланың мектеп формасын тігуге 3 м мата қажет болады. 58 м матадан осындай неше мектеп формасын тігуге болады?
А) 17; В) 18; С) 19; Д) 15; Е) 20.
5. Назерке дәптеріне әрбір үш нүктесі бір түзудің бойында жатпайтын 4 нүктені белгіледі. Ол осы нүктелер арқылы өтетін түзулер жүргізді. Назерке барлығы неше түзу жүргізді?
А) төрт; В) екі; С) алты;
Д) бес; Е) шексіз көп
6. 4 орам түсқағаз 52 м. 91 м түсқағаз неше орам? А) 7; В) 12; С) 8; Д) 9; Е) 14.
7. Дәурен командасындағы тізім бойынша алдынан 25-ші және артынан 25-ші болса, тізімде қанша адам бар?
А) 48 ; В) 50 ; С) 49; Д) 51; Е) 52.
8. Қыры 15 см кубтың қаңқасын дайындау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек?
А) 90 см; В) 190 см; С) 120 см;
Д) 180 см; Е) 225 см.
9. Металлдан жасалынған арқалықты (балка) екіге бөліп кескен жұмысқа 800 теңге төленді. Осы арқалықты он бөлікке бөліп кескен жұмысқа қанша төленеді?
А) 7200 тг; В) 8000 тг; С) 8200 тг;
Д) 4000 тг; Е) 7000 тг.
10. 30 жолаушысы бар автобустан 5 әйел, 5 ер кісі түскенде, қалған ер кісілердің саны әйелдерден үш есе артық болып шықты. Сонда ең басында автобуста қанша ер жолаушы болғанын анықтаңыз.
А) 25; В) 30; С) 15; Д) 20; Е) 10.
Жұптық бағалау әдісі жүргізіледі.
Математикалық сауаттылық есептері
(талантты және дарынды оқушыларға арналған күрделенген тапсырма)
|