Сабақтың кезеңдері мен уақыты
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру
«Ең жақсы тілек»
Оқушылар допты лақтыру арқылы бір-біріне тілектер айтады
|
Доп
|
2
|
Топқа бөлу.
1 мин
|
Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай бағыттау
Үш түрлі дөңгелекшелер арқылы топқа бөлінеді
|
Дөңгелекшелер, топ аттары жазылған парақшалар
|
3
|
1 мин
|
Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру
№
|
Аты-жөні
|
білу
|
түсіну
|
қолдану
|
талдау
|
жинақтау
|
бағалау
|
|
|
1 ұпай
|
4 ұпай
|
4 ұпай
|
3 ұпай
|
1 ұпай
|
2 ұпай
|
слайд
|
4
|
Қайталау. «Көпір» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
2 мин.
|
Жаңа сабақтың ашылуы
«Миға шабуыл» әдісі
-Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Иррационал, көрсеткіштік, логарифмдік және тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу мысалдары » Осы тақырыптар таныс па?
Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды
|
Плакаттар,
маркерлер
Слайд
|
5
|
Теориясы: «БІЛУ» (Кім?, Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
7 мин.
|
-Бүгінгі тақырыпты ашу өздеріңе жүктеледі. Өткен сабақта үйден осы тақырыпты жақсылап оқып, шамаларың жеткенше түсініп келуді тапсырғанмын. Қазір әр топқа тақырыпты бөліп беремін, өздерің бір-бірлерінің пікірлеріңді ортаға салып, тақырыпты қорытып шығарыңдар.
I топ – қайталанбалы алмастыру есебі
II топ- қайталанбалы орналастыру есебі
III топ- қайталангбалы теру есебі
Әр топтан бір не екі оқушыдан тақтаға шығып, зерттеуге берілген тәсілдерімен есептердің шешу жолдарын көрсетеді. Бірінші топ оқушысы дайындаған есептің шешу тәсілін бірден дауыстап түсіндіріп шығарады,екінші топтың оқушысы үндемей тақтаға жазып, болған соң түсіндіріп береді. Үшінші топ оқушылары топпен постерге орындап, соңынан түсіндіреді. Әр топ шешу тәсілдеріне анализ жасап, артықшылығын және кемшілігін бағалап, қорытынды жасайды. Басқа топ оқушылыры мүмкін болса толықтырады. Топтардың анализі мен қорытындысы бағаланады. Жауаптары анық әрі толық болу керек. Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды, өз пікірлерін айтады.
|
Слайд
|
6.
|
Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
5 мин.
7минут
|
-Сонымен, балалар, сендер бүгін қайталанбалы орналастыру , қайталанбалы теру есебін жазуды , оны шығаруды нұсқалар санын табу әдістерімен таныстыңдар және оларға анализ жасадыңдар.
Оқушылар ашық сұрақтар қою арқылы білімдерін толықтырады
«Ыстық орындық» әдісі
Математикалық сауаттылық есептері
Ауызша есептеулер.
|
тірек сызба
|
|
Практикасы: «ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
7 мин.
|
Қысқа тест математикалық сауаттылық есептері
Әдісі: жұптық жұмыс, талқылау, толықтыру.
|
Үлестірме қағаздар
Слайд
|
7
|
Сергіту сәті
2 мин
|
Сергіту сәті
«Ойлан тап!»
Оқушылар өздері табады
|
Интербелсенді тақтадан көрсету
|
7.
|
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсатығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
2 мин.
|
Оқушылармен бірге сабақты талдау.
Оқушылар дәптерлеріне,есепті шешіп, екеу-ара тексеріп, бірін- бірі бағалайды Берілген есептің шешуін тауып, тақтаға жазу керек.
Топпен ақылдасу, сұрақтарға жауап беру.(дұрыс есептеген топқа ұпай беріледі)
Әр топ өз ойларын айтады.
|
Суреттер
Слайд
|
8.
|
Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, Мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде)
|
«Нақты жауап» айдары:
«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау
Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды
Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.
|
Тоқыма жіп
|
9.
|
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
2 мин.
|
1.Бүгігі сабақта не үйрендік?
2.Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
3.Түсінбеген, сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?
Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.
Жетелеме сұрақтарға жауап береді. Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды
-мен көп нәрсені үйрендім
- мен аз нәрсе үйрендім
-мен ештеңе үйренбедім
|
Бағалау шкаласы
«5»-12-15 ұпай
«4»- 9-12 ұпай
«3»-5-8 ұпай
|
10.
|
Рефлексия
2 мин
|
«Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?» кері байланыс жасау
Үйге тапсырма
Оқушылар тақырыпты түсінгендері немесе түсінбеген сұрақтары жайлы стикерге жазады.
|
|
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Қауіпсіздік ережелері
|
|
1-тапсырма «Қарқын» әдісі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, сондықтан олар көмек қажет ететін оқушыларға көмектеседі.
2-тапсырма «Диалог және қолдау көрсету» әдісі
Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
3-тапсырма «Қорытынды» әдісі Кейде оқушылардың барлығы бір тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әртүрлі болады, жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытындағы жұмыс істеуден көрі мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
|
1-тапсырма «Бағдаршам» әдісі
Өз жұмыстарының нәтижесі бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің біліміне қаншалықты сенімді екендігін көрсетеді
2-тапсырма «Допты лақтыру» әдісі
теориялық сұрақтарға бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
3-тапсырма «Серпілген сауал» тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында бір-біріне сұрақтар қояды
|
Сабақта оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылады, балалар үнемі қозғалыста болады. Қауіпсіздік техникасын ұстану, жарықтың дұрыс түсуі, баланың партада дұрыс отыруы қадағаланады.
|