Тәрбие жұмысының бағыттары мен мақсаттары
1.Бағыты: Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: білім алушылардың бойында патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығын; адам аралық және топ аралық төзімділік құндылығын; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығын; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет сезімін; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципін қалыптастыру.
| 2.Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас қалыптастыру.
|
3.Бағыты: Ұлттық тәрбие
Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету |
4. Бағыты: Отбасылық тәрбие
Мақсаты: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.
|
5.Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдықсауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтарды қалыптастыру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |