Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет100/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   144
ЕНГЕЗЕРДЕЙ.  Обалы  не,  ертіп  əкелген  жас  полиция  қызметкері 
мұның  көзінше  жаңағы  еңгезердей  қазанбас  жігітті  тергеуге  алды 
(Егемен  Қазақстан).  Апамай  дейтін  жігіт  бар  еді!  Алқы-салқы  боп 
жүретін. Екі иығына екі кісі мінгендей, енгезердей жігіт еді (Б.Майлин). 
«Үлкен,  екі  иығына  екі  адам  мінгендей”  деген  мағынада  келеді. 
Енгезердей  сөзі  тіліміздегі  алпамсадай,  дырдай,  нарттай,  мұнтаздай, 
жіптіктей  сөздері  тəрізді  лексикализацияланған  элементтердің  бірі. 
Мұндағы -дей – салыстыру жұрнағы. Біздің ойымызша, түбірі –енгезер 
жəне  бұл  сөздің  үш  элементтен  тұратынын  ені+кез+ер  айтады.  Бұл  іс-
петті сөздердің бəрі де метафора – салыстыру жолымен жасалатындық-
тан,  жауырыны  қақпақтай,  кеуделі,  дене  тұлғасы  зор,  яғни  жауырыны-
ның  жалпақтығы  (ені,  көлденеңі)  бір  кез  (үлкен)  адамдарды  ені  кез  ер 
деп  айтуы  ықтимал.  Өйткені,  бұл  сияқты  салыстыру  формалары  қазақ 
тілінде тек бір сөзден ғана емес, кейде екі, үш, тіпті одан да көп сөздер-
дің тіркесуі арқылы жасалуы мүмкін. Мысалы: құлаққа ұрған танадай, 
мүйізі  қарағайда,  үріп  ауызға  салғандай,  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей
т.б. Дəл осы сияқты, бір замандарда сөз тіркесі түрінде айтылған ені кез-
дей//ені  (көлденеңі)  кез  ердей  сөздері  бара-бара  өзара  жымдасып, 
қосылып  бір  сөз  тұлғасына  (еңгезер+дей)  айналған  болуы  мүмкін. 
Изафеттік  формада  байланысып  тұрған  ені,  кез  сөздерінің  енгез  түріне 
ауысуы заңды нəрсе: н дыбысының к, г, ғ дыбыстарымен қатар келген-


164
де  ң-ға  ауысуы  мəлім,  ал  ң-ның  əуенімен  қатаң  к(кез-дегі)  дыбысының 
ұяңданып г-ге айналуы да орынды. Ал бұлардың өзара жымдасып, бір-
біріне  ыңғайласуына  қысаң  і  дыбысының  ешбір  əсері  болмаса  керек 
[ҚТҚЭС, 72-73].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет