Алматы «Сардар» баспа үйі


ТҰТТАЙ  (жалаңаш).  Үй-іші  тұттай



Pdf көрінісі
бет101/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   144
ТҰТТАЙ  (жалаңаш).  Үй-іші  тұттай  жалаңаш  (Б.Майлин).  Тұт 
өсімдігі – жапырақтарымен  жібек  құртын  асырайтын  ағаш  жəне  оның 
жемісі. Бұл ағаштың жемісі піскенен кейін жан-жаққа шашылып, ағаштың 
кейпі жалаңаштанған кезін айтуы да мүмкін. Екінші бір жорамал, жібек 
құрты  түк  қоймай  жапырағын  жеп  қойғанан  кейінгі  ағаштың  кейпі 
тырдай жалаңаштанған сəті болуы да мүмкін.
ЗƏРЕДЕЙ // ЗƏРРЕДЕЙ  (кішкентай,  азғантай).  Адам  болған  соң 
артына тым болмағанда зəредей игілікті іс қалдырмау қандай аянышты 
өлім  еді  (О.Бөкей).Егер  сен  зəредей  сүйе  білсең,  өз  үйіңде,  өз  жеріңде, 
өз  еліңде,  тұтқынға  түс  (Н.Хикмет).  ҚТФС-де  зəре – “үрей”, “рух” 
мағынасында қолданылған. Ауыс. “аз”, “құрттай”, “титтей”, “кішкентай”. 
Арабша-қазақаша сөздікте Зəрре сөзінің 1) тозаң, ұнтақ; 2) атом (заттың 
өте ұсақ бөлшегі); 3) құмырсқа [69, 183] мағынасы берілген. Синонимдері 
– құрттай, титтей, кішкентай. Тілімізде зəре//зəрре жалпы жеке-дара 
тұрып  сирек  қолданылады.  Парсы  тілінде  зəрре – “атом”, “молекула”, 
“бөлшек”;  тəжікше  зарра – “ұсақ  бөлшек”; “атом”, “қиқым”.  Зəре  сөзі 
кейбір тілдерде «кішкентай бөлшек», «атом» мағынасында қолданылады. 
ҚАНШЫРДАЙ  ҚАТУ.  Қаншыр  сөзіне  “Қазақ  тілінің  сөздігінде” 
мынадай  анықтама  берілген: 1. қаншыр – арыстанның  ұрғашысы; 2. 
қаншыр – далалы  жерде  тіршілік  ететін,  кішірек  келген  жіп-жіңішке 
сұр түсті құс. Қаншырдай – қаншыр сияқты жіп-жіңішке, сыптай [ҚТС, 
373]. Үйден қаншырдай қара сұр əйел шықты (Бақбергенов). Қаншырдай 
қатып  қалыпты  ғой  жылқылар  (Ғ.Мүсірепов).  Бұл  сөз  түсінікті  бол-
мағандықтан,  қаншыр  сөзін  қазіргі  кезде  кез  келген  адам  пайдалана 
бермейтіні  мəлім.  Р.Сыздық  бұл  сөздің  өзі  аса  түсінікті  болмағандық-
тан,  ол  бірде  қашырдай,  бірде  қанжардай  болып  жазылып  жүргенін 
айтады [41, 171.]. Қазақ тілінде бұл атау қаншырдай қату деген образды 
фразада сақталған. Белгілі этнограф Ж.Бабалықұлы бұл фраза жөнінде 
былай дейді: «Қаншырдай қатқан қыз, қаншырдай қатқан қатын деген 
сөз тіркестері бар. Бұл теңеуді көп ретте əйел затына айтады. Кейде қа-
зақ  бəйге  аттарды  жаратқан  кезде  терін  алып,  іш  майын  тарттырып, 
қоңын  төмендетіп,  бəйгеге  қосқан.  Бабына  əбден  келген  ат  жарап, 


165
жіптіктей болады. Аттың осындай сəттеріне көзі түскен бапкерлер: «Пай, 
пай, мынау қаншырдай қатқан екен!» – дейді. Сонда атқа теңеу болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет