Тәжірибе № 3 Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.
Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.
Мақсаты: Ауырғанды басады.
Уақыты: 20-21 қараша 2015 жыл.
Зерттелуші: Ниткачева Валентина
Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.
Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.
Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.
6-сурет. Ауыз қуысының қағынуын шаю.
Тәжірибе № 4 Асқазан және ішек ауруларына.
Зерттеу әдісі: Күніне 1 рет ішу, таңертең аш қарынға үлкен қасықпен 1 қасық ішу.
Мақсаты: Асқазан жарасын жою.
Зерттелуші: Махатбай Мадетхан
Уақыты: 02 қаңтар 30 сәуір аралығы 2015 жыл.
Қорытындысы: Асқазан тесуі тоқтап, жараның аузы кішірейіп басылды.
Ұсынылады: Күнделікті қолдану
7-сурет. Асқазан және ішек ауруларына бірден-бір ем көзі.
Тәжірибе № 5 Әдемілік- косметикалық маска жасау.
Зерттеу әдісі: Аптасына 2 рет қолдану
Мақсаты: Әдемілік әсемдік келбет
Зерттелуші: Жаубатыр Күнсұлу
Уақыты: 03.12. 2015 жыл.
Қорытындысы: Бет ағарып, сұлулана түсті
Ұсынылады: Аптасына 1-2 рет қолдану.
8-сурет. Әдемілік- косметикалық маска жасау.
Қорытынды Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында бөлмеде өсетін дәрілік алоэ өсімдігімен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз. Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз группаластарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны группаластарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ұстанымын алға қойған жас студенттердің бүгінгі таңда осындай жобалардың халыққа тигізер пайдасы ұшан теңіз. Сондықтан Қазақстанның болашағы жастардың қолында . Өзім сияқты жастарға айтарым өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеп, халық игілігіне пайдалана білсек дені сау, салауатты ұрпақтың көп болатынына кәміл сенейік. Салауатты өмір салтын ұстанатын әр бір қазақ азаматы өз денсаулығын күте білсе, еліне де, жеріне де, тигізер пайдасы өте көп болар еді..