Оқытушы: п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Рауандина Айтжамал Қалкенқызы СН қалыптасуына ықпал еткен факторлар: - Баспасөздің рөлі (ресми стиль);
- Функционалдық стильдердің бөлінуі.
Қ.Жұмалиев:
Тілімізде жаман сөз жоқ, кінә - сөзді орынды қолдана білмейтіндердің өзінде, әр сөзге сөйлемдегі өзінің таңдаулы, талғаулы орындарын дұрыс тауып бере білсе, жай сөздің өзі де поэтикалық тілдің ролін атқарады.
Синтаксистік норма Синтаксистік амал-тәсілдер: - Сөйлем мүш-ң орналасу тәртібі;
- Диалогтердің берілу тәртібі;
- Қайталама тәсілдің қолданылуы (Р.С.);
- Парцелляцияның қолданылуы;
- Атаулы сөйлемдердің қолданылуы.
Сөйлем – тілдік қатынасты жүзеге асыратын ең негізгі коммуникативтік тұлға. Сөйлем – тілдік қатынасты жүзеге асыратын ең негізгі коммуникативтік тұлға. С.Аманжолов: Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің белгілі бір орны бар. Оларды қалай болса солай ауыстыруға болмайды. Егер сөйлем мүшелерінің дағдылы орны ауысса, олардың атқаратын қызметі мүлде өзгереді де, бастауыш болып тұрған сөз басқа мүше болып кетеді, анықтауыш та, пысықтауыш та, толықтауыш та солай. Сондықтан қисынсыз, ретсіз, жігін таппай, ауыстыруға болмайды. Ғалым Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің ауысуы – инверсия. - Мен ренжідім. Ренжідім.
- Бүгін студенттермен театрға эдвайзерлер барды. баст.
Бүгін эдвайзерлер студенттермен театрға барды. пысықт. Эдвайзерлер бүгін театрға студенттермен барды. толықт. Эдвайзерлер студенттермен театрға бүгін барды. пысықт. - Ырғақ пен ұйқасты қайталама: ти десем тимейді, тиме десем тиеді.
- Лексикалық қайталама:
Құдайменде Кәленнің ін түбінен, әріден қадалған көзіне жасқанбай тура қарады: ─ Ой, сорлым - ай! Бұрын бір ұры досым артық болатын, енді көп болса, бір ұры жауым артық болар. Менен қашқан кісілердің бәрі жар басындағы жаман балықшыларды сағаларын білем. Сен де ендігі жерде маған кезеген ағаш оғыңды сол жақтан атарсың. Бар, жолың ашық! ─ Е, барса қайтеді? Барам. Қосылам, - деп Кәлен, жаны кіріп қоя беретін ежелгі ақкөз ерлікке басып, қолындағы жуан дойырды сығымдап қысып алды.- Ендеше бар-ау, мен сені өз отыңның басында, қатын-балаңның көз алдында...- деді де, орнынан атып тұрды. Ол тап қазір иесіне түскен ызалы бүркіттей, ірі қара кісінің үстіне төніп қалып еді. *** - Сен ертең келесің бе? - Ертең?
- Иә, ертең. Келісім бойынша ертең құжаттарға қол қоямыз.
Парцелляция А.Байтұрсынұлы: “Іргелес сөйлем”. Г.И. Ақылбаева:«Парцелляция дегеніміз – фразаны (ойды, сөйлемді) бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді не тексті жеке өз алдына аулақтатып орналастыру. М.Мағауин: Ұлттық мүдде, елдік мұрат, ұрпақтың болашағы… – бәрі де бос сөз, күл болмаса бүл болсын. Өз мүддесі, өз мұраты ғана бар. Ал болашағы айқын. Сәулелі, нұрлы, даңғыл. Қамсыз, қапасыз ғұмыр. Маңдайына жазылған. Оның. Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмады. Жаз аптап, ыстық. Маса. Сона.
СИНТАКСИС
СТИЛЬ
АВТОР
Достарыңызбен бөлісу: |