Алпысов А.Қ. Математиканы оқыту әдістемесі оқу құралы Павлодар, 2012



бет35/47
Дата23.12.2021
өлшемі328,79 Kb.
#128289
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
Алпысов А.?. Математиканы о?ыту ?дістемесі о?у ??ралы Павлодар,

Практикалық сабақтар




1-тақырып. Математиканы оқыту әдістемесі пәні



Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері; 2) матеметиканы оқытудың мақсаттары; 3) 5-11 сыныптар бойынша математика бағдарламасын талдау.

Әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 18, 19, 22, 25, 29, 32, 42, 45, 54] және орта мектептегі математика бағдарламасы.

  1. тапсырма. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Көрсетілген әдебиеттермен танысып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Орта мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттеріне, мазмұнына талдау жасаңыздар.

  2. тапсырма. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған.

  3. тапсырма. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі:

  1. Математиканың пайда болу кезеңі.

  2. Элементар математиканың қалыптасуы.

  3. Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі.

  4. Қазіргі математика кезеңі.

Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдіс- тәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?

  1. тапсырма. Орта мектептегі математика бағдарламасына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Сан ұғымының кеңейуі қалай өтілуде? Мектеп математика курсында қандай геометриялық шамалар оқытылады? Қай сыныпта функция ұғымы енгізіледі? Орта мектепте қандай функциялар оқытылады? Мектеп бағдарламасында қандай теңдеулер, теңсіздіктер мен теңдеулер жүйесінің түрлері қарастырылған? Орта мектепте геометриялық түрлендірулердің қандай түрлері оқытылады?

  2. тапсырма. Орта мектепте геометрияны оқыту 3 кезеңде өтіледі:

1) 5-6 сыныптар; 2) 7-9 сыныптар; 3) 10-11 сыныптар. Әр этап бойынша геометриялық материалдың мазмұны мен әдістемелік негіздерінің оқытылуына сипаттама беріңіздер.

  1. тапсырма. Қазіргі таңда математика мұғалімі қандай қасиеттерді игеруі тиіс?

  2. тапсырма. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуде өзекті мәселелерге жататындар дүниеге диалектикалық-материалистік көз- қарасты қалыптастыру, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Осыларға сипаттама беріңіздер. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз?

  3. тапсырма. Математикадан факультативтік сабақтар оқушылардың жалпы білім деңгейін кеңейту, математикалық ойлау қабіліттерін дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру көзқарасын және жеке бастарының ерекшеліктерін тәрбиелеу болып табылады. Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек? Факультативтік курс бағдарламасының мазмұнына сипаттама беріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет