Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің мақсатына, пәніне және болжамына сәйкес зерттеу барысында мына міндеттерді шешу керектігі айқындалды:
теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді әдістерін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеу мен теңсіздіктерді шешуге тереңдете оқыту әдістемесін құру;
болашақ математика мамандарын дәрежелік функциялары бар теңдеу мен теңсіздіктерді шешуге тереңдете оқыту әдістемесін педагогикалық тәжірибеден өткізіп, ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеу.