Алшынбай Рақышев



бет18/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
казак даригерлер 1

Гүлсім Асфендиярова 

Қазақ қыздарынан шыққан алғашқы дәрігер Гүлсім Асфендиярова (1880-1937) 1880 жылы 12 қарашада Ташкент қаласында дүниеге келген. Шамамен 1892-93 жылдары әкесі Сейітжапар Асфендиарұлы Гүлсімді Ташкент қыздар гимназия­сына оқуға береді. Жер­гілікті халыққа, әсіресе оның кедей әрі тұрмысы нашар бөлігіне медициналық көмектің тиісті дәре­жеде немесе уақытында көрсетілмеуі салдарынан өлім-жітімнің көбеюіне куә болған Гүлсім, Ташкент қыздар гимназиясында оқып жүрген жыл­дары-ақ медициналық білім алуды алдына мақсат етіп қояды. Гүлсім Асфендиярова Петербор­дағы Қыздар медициналық институ­тына 1900 жылы түсіп, онда 8 жыл оқи­ды. 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы тұсында Қыздар меди­ци­налық институты Петербордың өзге жоғары оқу орындары сияқты уақытша қызмет етуін тоқтатуға мәжбүр болып, осы себептен Гүлсім институтта тиісті 7 жылдың орнына 8 жыл оқып шықты. Гүлсім білім алған Петербор Қыздар медициналық институты (қазіргі академик И.П.Павлов атындағы Санкт-Петер­бург Мемлекеттік медициналық универ­ситеті) патша жарлы­ғымен Петропавл ауруханасының негізінде 1897 жылы 15 қазанда ашы­лып, тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуропада медицина саласы үшін әйел дәрігерлерді, фармацевтерді және кіші медицина қызметкерлерін даярлаумен айна­лыса­тын тұңғыш оқу орны болатын. Гүлсім 1908 жылы дәрігер мамандығын алып, сол жылы 5 маусымда әскери-ме­дициналық ведомство бойынша №86 бұйрыққа сәйкес Гүлсім Асфендиярова Шымкент уезінің Темірлан ауылдық-дәрігерлік учаскесіне жіберіліп, Сырдария облысының учаскелік дәрігерлері ретінде қызметке таға­йындалады.
Темірлан дәрігер­лік учаскесінде 4 жылдан аса уақыт еңбек еткен соң, әскери-санитарлық ведомствоның 1912 жылы 15 қаза­нында шыққан бұйрығына сәйкес, Ферғана облысы, Наманған уезінің, Пап ауылдық-дәрігерлік учаскесіне учаскелік дәрігер қызметіне ауыс­тырылады. Бұл уақытта Хиуа хандығында Асфендияр ханның уәзірі Сейіт-Ислам Қожа­ның ерік танытуымен халыққа меди­циналық көмек ұйымдастыру шара­лары қолға алынып, мемлекеттік қазынадан 100 мың сом қаржы бөлінеді. Осы қаржының есебінен 1911 жылы Хиуа қаласының ескі бөлігінде 100 орындық аурухананың құрылысы басталып, Гүлсім біраз жыл сол ауруханада қызмет атқарады. Кейінірек Ташкентке ауысып, дәрігер-гинеколог болып еңбек етті. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Түркістан өлкесіндегі саяси билікті өз қолына алған большевик билігі тұсында да білікті маман Гүлсім Асфендиярова дәрігерлік және оқытушылық қызметтерін атқаруды одан ары жалғастырды. 1913 жылдан бері Г.Асфендиярова басқарып кел­ген Ташкент қаласындағы 30 орын­дық акушерлік-гинекологиялық ауру­хана­да және оның жанындағы амб­улаторияда 1920 жылы медици­налық бөлімде 31 адам, ал шаруа­шылық бөлімде 15 адам қызмет етті. Сол жы­лы мамырда Тұрар Рысқұлов басқар­ған Түркістан өлкелік Мұсыл­ман бюросы Ташкент бөлімі­нің өтініш білдіруімен Гүлсім Асфен­диярова перзентхана жанынан жергі­лікті ұлт әйелдері үшін акушерлік мектеп ұйымдастыру жұмыстарына жетек­ші­лік етуді қолына алады. Сөйтіп, дәрігерлігімен қоса медбикелер дайындау ісіне де атсалысады. Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш дәрігер Гүлсім Сейітжапарқызы Асфендиярова 1937 жылы өмірден озып, Ташкентте жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет