Алшынбай Рақышев



бет1/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
казак даригерлер 1
Күмісбек Айжамал 3к5 практика (копия), 1635568298, 8-сынып Т1 3-тоқсан ТЖБ, Әдебиет ТЖБ 3-тоқсан, 35 сабақ Сан логарифмі және оның қасиеттері (1), Бизнес жоба Қымыз

Алшынбай Рақышев

  • Алшынбай Рахишев қазақстандық медицинаның дамуына елеулі үлес қосты. С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Анатомия кафедрасында 25 жыл бойы басшылық етті. "Энергетикалық газ лазерлері сәулеленуінің нерв және тамыр жүйелеріне әсерін" зерттеу бойынша мәселелерге эксперименттік әзірлеу жүргізді.

  • А. Рахишев ғылымды дамытуға, кадрлар даярлауға және медициналық жоғары оқу орындарының қазақстандық жүйесін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Академик ірі ғылыми форумдарда сөз сөйледі, 1980 жылы Парижде медицинадағы лазерлерді қолдану жөнінде дүниежүзілік қауымдастыққа Құрметті президенті болып сайланды.

  • Алшынбай Рахышұлы 1931 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдік ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Қарағанды медициналық институтына оқуға түсіп, оны бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырды. 1961 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаса, 1963 жылы "Қалыпты анатомия" кафедрасының доценті атанады. 1964 жылы Целиноград қаласындағы жаңа медициналық институттың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болып тағайындалады. 1966 жылы докторлық диссертациясын қорғау үшін Ленинградқа ауыстырады. Павлов атындағы Физиология институтының нейроморфология зертханасында аға ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді.

  • А. Рахишев 1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетінің Қалыпты анатомия кафедрасына шақырылады. 1969-1977 жылдары Алшынбай Рахишұлы Алматы мемлекеттік медицина институтының оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. Институттың оқу процесін басқара отырып, оқу-әдістемелік жұмысты жан-жақты жетілуіне көп көңіл бөлді. Рахишев медицинада лазерлерді қолдану жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың құрметті президенті болып сайланды. 1994 жылы ұлттық патент ведомствосы оған емдеу мақсатында лазерлерді қолдану бойынша өнертабысы үшін авторлық куәлікке ие болады. Алғаш рет ҚР жоғары медициналық мектебі үшін мемлекеттік тілде екі томдық Адам анатомиясы бойынша оқулықты жазған да А. Рахишев еді.

  • 1978 жылдан бастап А. Р. Рахишев – Қазақ ұлттық медицина институтының қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі, ал 2003 жылдан бастап-құрметті меңгерушісі, сондай-ақ Қарағанды медицина академиясы мен Астана медицина академиясының құрметті профессоры атанды.

Ғылыми еңбектер

  • «Источники формирования тазового сплетения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми еңбектерi адамның жүйке клеткаларының морфологиясын зерттеуге арналған. Рақышев вегетативтiк жүйке жүйесiнiң морфологиялық-функционалдық құрылымдарын, шеткi жүйке жүйесiнiң регенеративтiк қабiлетiнiң жолдары мен ерекшелiктерiн зерттедi. Гелий-неон лазер сәулелерiнiң жүйке және тамыр жүйелерiне әсер ететiн заңдылықтарын анықтады. 30 жылдан астам ұлттық медицина терминдерi мен атауларын құрастырып, оларды бiр iзге түсiрумен шұғылданды. Рақышевтың 150-ден аса ғылыми еңбектерi мен 18 монографиясы жарық көрдi.

  • Оның төрт томдық "Адам анатомиясының атласы" атты еңбегі үш тілде жарық көрсе, медицина саласындағы оқулықтың мемлекеттік тілде шығуына көп еңбек сіңірді.Академик "Қазақ медициналық терминологиясын әзірлеу мен енгізудің ғылыми негіздері" бағдарламасын оқу үрдісіне енгізуге көп еңбек сіңірді. Ол Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы терминологиялық комиссияның, Қазақ ұлттық энциклопедиясының Бас редакциясында қызмет етті, Қазақстанның адами капиталдың дамуына, ұлттың интеллектін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

Марапаттар «Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет